Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет126/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   160
Биореактор (ферментер) –
(гр. bios – тіршілік, ағ. reactor - құрылығы) –
биотехнология өндірісінде микроорганизмдерді, өсімдік жəне жануар жасушаларын
өсіру үшін қолданылатын қондырғы.
Биоремидиация –
қоқыс өңдейтін орындарда немесе ластанған ортада
жиналатын химиялық (улы) қалдық заттарын, қауіпсіз немесе қаіпсіздігі
төмендетілген заттарға айналдыру мақсатында арнайы микроорганизмдерді
пайдалану.


250
Биотехнология
(гр. bios – тіршілік, techne - өнер, шеберлік, logos – ғылым, ағ.
biotechnology ) – экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттар өндіру жəне
жоғары өнімділігі бар микроорганизмдер штаммдарын, өсімдіктердің сорттары мен
формаларын, жануарлардың асыл тұқымдарын шығару үшін биологиялық үдерістер
мен арнайы зерзаттарын пайдалануға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа
саласы.
Биотехнология жаңаша
– генді-инженериялық жəне жасушалық əдістермен
генетикалық трансформацияланған (түрлендірілген) өсімдіктердің, жануарлардың,
микроорганизмдер мен вирустардын əртүрлі бағытқа арналған жаңа өнімдерін алу
мен өндірісті интенсификациялау мақсаттарында пайдалану жөніндегі ғылым.
Биотрансформация
(гр. bios – тіршілік, лат. trans formatio – айналу) –
қоректік ортада өскен жасушалардың ферменттері қатысуымен арзан жəне қоры мол
бастапқы заттардан биологиялық активті қосылыстарды синтездеу (биологиялық
жолмен бір затты басқа затқа айналдыру).
Будан асимметриялық
(ағ. hibrid asymmetric) – аталық жəне аналық ретінде
қосылысқан жасушалардың біреуінің ядролық гендерінің толық жиынтығымен
қатар екіншісінің тек цитоплазмалық гендерін қабылдаған будан жасуша.
Будан гетероплазмалық
(гр. heteros – басқа, plasma – құрылған, түзілген, ағ.
hybrid heteroplasmic) – цитоплазмалық гендері (плазмагендер) бойынша
гетерозиготалық будан жасуша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет