Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет18/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

1. Жасушаларды клондау
Жасушаларды клондау жұмыстары – денелік (сомалық) жасушаларының
ядросын тасымалдау арқылы жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз, құрамында ересек
жасушалардан алынған генетикалық материал болғанымен, өздерін эмбриональдық
діңгек жасушалары сияқты көрсете алатын жасушалар шығару технологиясына қол
жеткізу болып табылады. Осы үдеріс ұрықтанған аналық жасушасы мен ересек
ағзадан алынған денелік жасушадан басталады. Мұндағы басты шарт – ұрықтанған
аналық жасушасы мен денелік жасуша алынған донорлардың иелері бір тұлға
болмауы керек. Жұмыстың барысында ұрықтанған аналық жасушасының ядросы
алынып тасталып, орнына денелік жасушаның ядросы қондырылады. Денелік
жасуша ретінде қандай да болмасын жасушалар, яғни сүйек кемікшесіндегі
жасушалардан бастап, тері қабатының жасушаларына дейін алынуы мүмкін.
Осындай жолмен құрылған (бөгде генетикалық материал енгізілген) аналық
жасушасы зиготаға дейін өсе береді, ал эмбриональдық діңгек жасушаларының
желісі болса, басқа да эмбриональдық діңгек жасушаларының дамуы сияқты –
бластоциттерден пайда болады. Теория бойынша, құрамында ересек дене
жасушасының ядросы бар аналық жасушасын жатырға бекіту арқылы, дəл денелік
жасуша иесі сияқты, бүтін ағза өсіріп шығаруға болады деген пікір жасалынған
болатын.
Содан бастап ғалымдар денелік жасушалардың ядросын тасымалдау
жұмыстарын хайуандармен жүргізе бастады. Сөйтіп, 1996 жылы ересек ағзадан
алынған денелік жасуша ядросы аналық жасушасына (яйцеклетка) енгізіліп, одан
дамыған алғашқы клонды жануар – доли атты қой дүниеге əкелінді. Осы уақыттан
бастап белгілі технологияны пайдаланып мыңдаған ірі қара малының,
тышқандардың жəне басқа да хайуандардың клондары алынды.
АҚШ-дағы Гарвард университетінің ғалымдары 2005 жылдың тамыз айында
денелік жəне эмбриональдық жасушаларды қосу арқылы тұрақты жасуша желілерін
алғандары туралы хабарлады. Бірақ, бұлардың алған жасуша желілерінде, денелік
жəне эмбриональдық жасуша желілерінің екеуінің де ДНҚ-ы кездеседі. Бұған
қарамастан ғалымдар алынған жаңа жасуша желілері ағзада кездесетін барлық
ұлпаларды түзуге қатынасатынын анықтаған. Бұл жетістік нəтижесі, біршама
уақыттардан кейін, оны адамдар жасушалары желісінде əртүрлі ауруларды емдеу
үшін қолдануға болады деген сенімге жетелейді.
Жоғарыда аталған технологияның клондаудан айырмашылығы неде деген
сұраққа жауап беретін болсақ, ең негізгісі – аналық жасушаның ядросының


34
алмастырылуы мен модификацияланған жасушаның аналық жатырына ендірілуі
себебінен, одан денелік жасуша алынған ағзаның толықтай көшірмесі дамып
шығатынын айтуға болады.
Денелік жасушалардың ядросын тасымалдау жұмыстарының жалпы схемасы
келесі 8-ші суретте берілген.
8-сурет. Денелік (сомалық) жасуша ядросын ауыстыру
(Ш. Уолкер. Биотехнология /Путеводитель, 2008.)
Терапиялық мақсатта эмбрионалдық діңгек жасушаларын пайдалану
мүмкіндігі өте жоғары. Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін тікелей
емделетін ауыру адамның денелік жасушаларын қолдану арқылы да алуға болады.
Теория бойынша, осындай жолмен дайындалған эмбриональдық діңгек
жасушаларын, науқас адамның ауру мүшесіне егу арқылы, оның қайта қалпына
келуін қамтамасыз етуге болады. Болашақта эмбриональдық жасушаларын
пайдалану мүмкіндігі кеңейіп, адам ағзасына қажетті мүшелерді толықтай өсіріп
шығару бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады деген болжамдар жасалынуда.
Осындай жолмен дайындалған мүшелердің пациенттің денелік жасушаларынан
дамуы себепті, иммундық жауап реакциясының туындауына ешқандай мүмкіндік
туылмайды. Алайда бүтіндей бір мүшені өсіріп шығару деңгейіне жету үшін,
жасушаның мамандану үдерістері жөнінде түпкілікті зерттеулер жүргізіліп,


35
толықтай мəліметтер алынуы қажет. Сонымен бірге, егерде науқас адам бір аурудан
тұқым қуалаушылық қабілетке ие болса, одан дайындалған эмбрионалдық
жасушалардың да сол кеселді қайтадан ағзаға апару мүмкіндігі де сейілмейді.
Денелік жасушалар ядросын тасымалдау технологиясын пайдаланудың өзіндік
шектеулері мен кемшіліктері де бар. Мысалы, денелік жасушалардың ядросын
тасымалдау 
технологиясын 
қолдану 
арқылы 
жасалынған 
клондардың,
эмбрионалдық даму кезеңдерінің соңғы мерзімдерінде, түсік тасталу қауіпі немесе
əртүрлі кемістердің туылу мүмкіндіктері де жоғары келеді. Сонымен бірге, мұндай
технологияны адамдарға қолдану мүмкіндігінің туындауы себепті, қоғамдағы
пікірлердің қалыптасуы мен оның моральдық-этикалық тұстары да ескерілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет