Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет37/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Байланысты:
asambaev-jasandy-intellekt

6.2. Сӛйлемнің мағынасын тҥсіну
Логикалық модель мағынаны талдауға мүмкіндік бермейді. Фрейм 
теориясы сӛйлемдердің формасы (синтаксис) мен мағынасын (семантика) 
модельдеуге мүмкіндік береді. Сӛйлемнің мағынасын талдау (автоматты 
аударма, мәтінде қателіктерді іздеу және т.с.с.) кезіндегі негізгі проблема бұл 
«тұйықталу» проблемасы. Жай сӛйлемдердің қысқа тобын талдаған кезде 
грамматиканы талдау міндеті кӛбінесе сӛйлемнің мағынасын талдау 
міндетіне сәйкес келеді. Бірақ, сӛйлемдер санының ӛсуімен айырмасы анық 
кӛрінеді: «Мақсат Секеннің туған күніне сыйлық сатып алды, бірақ онда 
ондай бар деп ойлағандықтан, ол оны қайтадан дүкенге апарудан сескенеді». 
Секенде не бар? Нені дүкенге апару керек? Осындай «онда», «оны» деген 
мәтіндерді тек керек орынға қойып сұрақтарға түсінікті жауап табалмаймыз. 
Ол үшін «терең құрылым» қажет, сонда есімдік «онда» «Секенге» сәйкес, ал 
есімдік «оны» - «сыйлыққа» сәйкес болады.
«Тілдік сезіну» деп аталатын қабілетсіз (яғни, жаңа сӛздердің 
мағынасын олардың дыбыстау немесе сӛйлем құрамы бойынша болжап білу) 
шет тілді оқып білу мүмкін емес. Кейбір адамдар, мысалы аудармашы, сӛзді 
бірнеше сӛйлемнен алдын ала (мағынасы бойынша) таба алады. Автоматты 
аударма үшін кӛп деңгейлі фреймдер желісін пайдаланады, олар беттік, 
синтаксистіқ, семантикалық, тематикалық және хабарлы фреймдерден 
тұрады.
Сӛзді тыңдау және түсіну міндеттері ӛзінің табиғи негізінде әртүрлі. 
Бірінші жағдайда кейбір фреймның терминалдарының пассивты толтыруы, 
екінші жағдайда, мәнін түсінуі (келісу – активті форма) болады. Тұйықталуы 
түрліше келеді. Активті түрде кейбір сценарий ретінде жүргізіледі (
6.1-
кесте
).
6.1-кесте
Фрейм сценарийі
Сценарий: мейрамханаға бару Рольдер: келуші, официант, шеф, кассир
Мақсат: тамақты алу 
1 сахна. Кіру
Бос үстелі бар орынға кӛз салу
Қайда отыруды таңдау 
Үстелге барып отыру 
II сахна. Тапсырыс
Менюні алу 
Менюні оқу
Нені алуды шешу 
Официантқа тапсырыс беру 
III сахна. Тамақ
Тамақты алу 
Тамақты жеу
IV сахна. Шығу
Есепті сұрау, чекті алу
Кассирге бару 
Ақшаны тӛлеу
Мейрамханадан шығу 


61 
Келтірілген сценарий бойынша «мейрамханаға бару» графтың түрін 
жасауға қиын емес.
Әрбір сценарийде іс-әрекеттерді орындау құралдар жағдайына 
байланысты ӛзгеру мүмкін. Мысалы, II сахнада тапсырысты ауызша, 
жазбаша немесе қол сермеу кӛмегімен де (егер тілді білмесеңіз) істеуге 
болады. IV сахнада ақшаны кассирге, официантқа немесе «Менің есебіме 
жазыңыз» деген сӛзбен де тӛлеуге болады.
Және де іс-әрекеттердің тізбегі бұзылу мүмкін. Осындай бұзылудың ең 
азы үш жағдайы кездесу мүмкін. Бірінші – іс-әрекеттердің тізбегінің басқа 
сценариймен үзілуі. Басқа екеуі кедергі және қателік деп аталады. Осы 
кедергі мен қателіктер әрбір элементар іс-әрекеттерден кейін пайда болу 
мүмкін, сондықтан сценарийге «егер былай болса...» сияқты сұрақтар 
енгізіледі. Жағымды жауапты тапқанда кедергі мен қателіктерді жоятын 
жаңа іс-әрекеттер сценарийге енгізіледі. Мысалы, II сахнада, егер официант 
келушіні байқамай жүрсе, онда ол оны шақырады немесе оған кӛз айырмай 
қарайды. 
Сонымен сценарий бұл жай оқиғалар тізбегі емес, оны каузалды 
(ағылшын сӛзінен
cause
— себеп) іс-әрекеттер тізбегі деп айтуға болады. 
Осындай сценарий ықтимал болатын жолдарға тармақталу мүмкін, олар 
ерекше сипатты нүктелерде (элементар іс-әрекеттер) үйлеседі. Мейрамхана 
сценарийі үшін «тамақ ішу» және «ақша тӛлеу» осындай іс-әрекеттер. 
Сценарийді қашан пайдалануға болатынын білу үшін тақырыптар қажет. Бұл 
тақырыптар берілген сценарийге кӛніл аудару үшін күй-жайларды 
анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет