53
Шешудің екі: орталықтандырылған және орталықтандырылған емес
әдісі мүмкін. Біріншісінде актуализация
туралы шешім арнайы басқару
жүйесімен, екіншісінде, осы мезеттегі құралатын
жағдайға байланысты
қабылданады.
5.8. Ӛнімдік модельдің артықшылықтары мен кемшіліктері
Ӛнімдік моделі басқаларға қарағанда, ӛнеркәсіптік
сараптамалық
жүйелерде жиірек қолданылады. Оның кӛрнекілігі, жоғары модульдіктігі,
қосымшылар мен ӛзгерістерді оңай енгізуі
және логикалық шығару
механизмның қарапайымдылығы әзірлеушілерді қызықтырады. Ӛнімдік
тұрғыны жүзеге асыратын кӛп программалық құралдар бар:
- Prolog, Lisp (Джон Маккартни (АҚШ) 1961 ж. жасаған. LISP — List
processing language — тізімдерді ӛңдеуге арналған тіл), LOGO (LISP негізінде
Сеймур Пайперт (АҚШ, M.I.T.) 1969 ж. жасаған), OPS тілдері;
- «қабықшалы» немес «бос» СЖ, мысалы EMYCIN, EXSYS, ESISP,
ЭКСПЕРТ;
- құрал-сайманды жүйелер: ПИЭС, СПЭИС және т.б.
Ӛнімдік модельдердің екі маңызды кемшілігі бар. Ӛнімдер
саны тым
кӛп болғанда, ӛнімдер жүйенің қайшылық еместігін тексеруге ӛте күрделі
болады.
Сондықтан, жаңа ӛнімдерді қосқанда, оларды тексеруге кӛп
уақыт
кетеді. Жүйе детерминды емес (орындалатың ӛнімнің таңдауы бір мағыналы
емес), жүйенің дұрыс жұмыс істегенін тексеру оңай емес. Егер АЖ ӛнімдер
саны мыңдағаннан асатын болса, онда ӛнімдер жүйесінің
дұрыс жұмыс
істеуіне ешкім жауап бере алмайды.