7 - БӚЛІМ БІЛІМДЕРДІ ҦСЫНУ ҤШІН СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕР «Семантикалық (мағыналық) желі» деген ұғым 1968-1969 жылдары
Р.Куиллиан (Ross Quillian) жұмыстарында пайда болды. Бұл үшін доғалармен
(графтар) қосылған түйіндері бар графикалық сызбалар пайдаланылады.
Семантикалық желілер теориясында граф-ағаштар мен қатар, циклдық және
толық байланысқан графтар қарастырылады. Одан басқа, мүмкін болатын
арақатынастар типтері жеке және ерекше түрде зерттелінеді (дәстүрлі: АКО
— a kind of, ISA, has part және кейбір жаңалар).
Алдымен семантикалық желілер табиғи тілдерді талдау үшін және
адамның ақыл-есінің психологиялық моделін құру үшін жасалынған
болатын. Бұл кезеңде сӛйлемде бейнебір «орталық тақырып» бар деп
есептелетін,
осыны
пайдаланып
машина
сӛйлемнің
мағынасын
(семантикасын) «түсіну» мүмкін (
7.1-сурет ).
7.1-сурет . «Жазғытұрымғы күні патша нӛкерін ертіп, орманға атпен серуендеуге шықты»
Семантика – белгілер мен объектілер арасындағы қатынастарды
қоятын ғылым, яғни белгілердің мағынасын анықтайтың ғылым.
Семантикалық желі – бұл бағытталған граф, оның шыңдары – ұғымдар, ал
доғалары – олардың арасындағы қатынастар.
Адамның ақыл-есінің құрылысын және логикалық шығарудың
ұйымдастыруының теориялық қағидаларын иерархиялық желіге негіздеп,
Р.Куиллиан А.Колинзбен (Allan Collins) бірге 1969-1970 жылдары
тәжірибелік түрде тексеріп шығарды. Осындай желі үшін мынадай
қатынастар сипатты: класс – класс элементі; қасиет – мәні. Егер «кеме»,
«мұхит лайнеры» және басқа түйіндерде ішкі құрылысы жоқ деп есептесек,
онда
7.2-суреттегі желіні иерархиялық емес, қарапайым желі деп атауға
болады. Класс элементінің мысалдары
7.2 - 7.4-суреттерде кӛрсетілген.