Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет44/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Байланысты:
asambaev-jasandy-intellekt

7.6-сурет
. Үш күйі бар екі ӛлшемді концепт (мүмкін болатын вариант) 
4. Арнайы NET желілі тіл жасалынды. 
5. Білімдерді ұсыну тілі ретінде семантикалық желілерді пайдалынатын 
кең белгілі сараптамалық жүйелер жасалынды - PROSPECTOR, CASNET, 
TORUS. 
Модельдің негізгі кемшілігі – шығаруды іздестіру күрделілігі; 
семантикалық желі үстінде жақсы математикалық модельдер тек бірнеше 
қатынастар типтері үшін құрастырылған. 


71 
8 - БӚЛІМ 
БІЛІМДЕРДІ ҦСЫНУ ЖАҢА МОДЕЛЬДЕРІ 
 
Білімдерді ұсыну негізгі модельдер, бағалы есептер тізімі және оларды 
шешу әдістер ӛткен ғасырдың 80 жылдары ұйымдастырылды.
90 жылдардың басында жасанды интеллектің есептері мен әдістерінің 
философиялық түсінуі біраз ӛзгерді, бұл бірден жаңа модельдердің пайда 
болуына әкелді: іздестіруді сипаттау критериалды тілі, нейрон желі, 
ықтималдық модельдер. Бірақ, айта кетейік, кейбір мамандар оларды толық 
модель деп санамайды, себебі бұл модельдер ӛзінің қорытындысын негіздей 
алмайды. Мұнда логикалық пен ӛнімдік модельде болатын және білімдерді 
ұсыну, жаңа модельде болмайтын бектрекинг механизмы еске алынады. 
Сараптамалық жүйеде ӛзінің қорытындысын түсіндіретін бағыныңқы жүйесі 
болу қажет. Сондай-ақ, критериалды тілдің пайда болуына кем дегенде, 
жүздеген жыл бар, сондықтан оларды жаңа деп айту дұрыс емес.
Сонымен, «білімдерді ұсыну үшін модельге» жаңа кӛзқарас – бұл 
«жақсы шешімдерді» тудыруға мүмкіндік беретін кейбір модель. Және ол 
адамның ойлау әдісін бе, не ӛзінің қорытындыларын түсіндіре ме, аса 
маңызды емес. 
8.1. Критериалды әдістер 
Тәжірибеде интеллектуалды, айқын емес модельдердің қолдануы 
баламаны бағалау және ең жақсысын таңдау үшін қажет. Олардың қолдану 
қажеттілігі баламаның кӛп санына, еске алатын параметрлеріне себепті; 
мысалы, «қолайлы, әдеттегі және ең нашар».
Бұл жағдайда барлық «иә» мен «қарсы» еске алынып немесе кездейсоқ 
түрде (мысалы, аналогия арқылы), таңдау ұғынып жүзеге асырылу мүмкін. 
Айта кетейік, үлкен жүйелер үшін сарапшы ұсынып беретін логикалық 
негіздемелер кездейсоқ таңдаудан аса сенімді емес, ал кейбір жағдайда сенімі 
тӛмен болады. Бұл алдымен кӛп фактілерді, себептерді, мақсаттарды адам 
жадында сақтай алмайтынына байланысты, ал қазіргі есептер (мысалы, 
экономикалық) осыны талап етеді. 
Мысалы, банк қызметкері тұрақсыз жағдайдағы кәсіпорынды несиелеу 
туралы шешім қабылдайды. Егер несие берілмесе және кәсіпорын ӛз күшімен 
қиыншылықтан шықса, онда банк пайда алалмайды. Егер де кәсіпорын 
ойсырап қалса, банк шығындарға ұшырайды. Егер несие үлкен кепілге 
берілсе, кәсіпорын алудан бас тартады. Сонымен қызметкердің интуициясы 
және бухгалтерлік құжаттары шешімді қабылдауға жеткілікті ме?
Сол сияқты есептерді сипаттау және шешу үшін арнайы модель 
жасалынған – таңдауды бейнелеу тілдері. Таңдау есептер әр алуанды және 
оларды шешу әдістері де әртүрлі. Алдымен барлық таңдау есептер үшін 
жалпы ұғымдарды енгізейік. 


72 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет