Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет60/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Байланысты:
asambaev-jasandy-intellekt

9 - БӚЛІМ 
САРАПТАМАЛЫҚ ЖҤЙЕЛЕР 
 
9.1. «Сараптамалық жҥйе» анықтамасы 
 
Жасанды интеллект әдістерінің кең тәжірибелік мәлімі «Сараптамалық 
жүйе» деп аталатын ерекше бағдарлама жасауымен ӛмірге келді.
Осындай бағдарламалар ӛткен ғасырдың 60 жылдары бірінші пайда 
болып, белгілі бір заттық саласы үшін жасанды «ақыл-ойды» жасауға 
арналған болатын. Мысалы, MYCIN бағдарламасы гематология саласында 
«дәрігер» ретінде ойланған, CASNET – кӛз аурулар саласында; ELIZA 
бағдарламасы «психолог» рӛлін атқаруға арналған болатын және т.б.
60-70 
жылдары 
сараптамалық жүйелердің 
кӛбі 
ең жақсы 
сарапшылардың (кейбір заттық салада) тәжірибесін жинауға мүмкіндік 
беретін бағдарламалық механизмі болып ойланатын. Сол кезеңдегі 
жасақталған деректер қорылары бұл рӛльді атқаруға келмеген, ӛйткені 
олардың іздестіру тілі аса икемді емес; одан басқа ДҚ арналған іздестіру 
тілінің рекурсивтігі (яғни ӛзін ӛзі шақыру мүмкіндігі) болмаған.
Сараптамалық жүйенің қазіргі түсінуі – бұл тар мамандандырылған 
бағдарламалық кешен. Ол не ӛте тез стандартты шешімдерді (кӛбінесе, 
техникалық объектілерді басқару үшін) қабылдауға, не пайдаланушымен 
сұхбат негізінде, кейбір шешімнің таңдауына кӛмектесуге мүмкіндік береді 
(пайдаланушы ұсынатың варианттарға баға беру жолымен және ӛзінің шешу 
варианттарын ұсынуы мен оларды түзету (
9.1-сурет
)).


98 
9.1-сурет
. Сараптамалық жүйенің пайдалануымен әрекеттесу технологиялары және дәстүрлі сызба 
9.2. Сараптамалық жҥйелермен жҧмыс істеу технологиясы 
 
Сараптамалық жүйенің кӛмегімен қолданбалы есептің шешуі бұл 
әрқашан мақсатқа бейімділік итеративті процесс (
9.1-сурет
), себебі оның 
белгілі бір кӛзқарасына сәйкес ең жақсы шешімді табу мақсаты бар.
Егер сараптамалық жүйені қолданбай (басқа бағдарламалық құралдар 
арқылы) шешімді табатын болсақ, онда бұл бір реттік есеп болып табылады.
Сараптамалық жүйемен «сараптамалық емес» жүйелерінің арасындағы 
негізгі айырмашылығы – біріншісі әрбір итерациясында заттық салада жаңа 
алгоритм пайдаланады, бұл алдағы қадамның алгоритмның параметрлерімен 
ғана емес, құрылымымен де ерекшеленеді. Яғни қойылған мақсатқа жету 
кезінде мақсат және оның параметрлері де ӛзгеру мүмкін. 
9.1-суретте
сараптамалық жүйесі және оларсыз жұмыс кезеңдерінің салыстырмалы 
сызбалары кӛрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет