Базалық типке – мəндерінің саны 255-тан асатын integer жəне longint типтерінен басқа кез келген реттік тип жатады. Базалықтип ретінде оның мəндерінің белгілі бір аралықтары (диапазон-дары) ғана пайдаланыла алады.
Жиындағы элементтердің орналасу реті қадағаланбайды.
Бұны математикадағы жиын ұғымына сəйкес деп айтуға болады.
Жаңа жиындық типті əдетте алдын ала жариялайды да, со-нан кейін айнымалылар мен тұрақтыларды сипаттау бөлімінде пайдаланады. Мысалы:
Type
Digits = set og 1..100; {«1-ден 100-ге дейінгі бүтін сандар жиыны» типі}
Setchar = set of char; {«ASCII кестесінің символдары жиыны» типі}
letter = set of 'a'..'z'; {«латын алфавитінің кіші əріптерінің жиыны» типі}
logic = set of boolean; {« логикалық мəндер жиыны « типі}
Var
mychar:setchar; {айнымалы - ASCII кестесінің символдары жиыны }
bool:logic; { айнымалы - логикалық мəндер жиыны } mydig:Digits; { айнымалы - 1-ден 100-ге дейінгі бүтін сандар жиыны }
simst:letter; { айнымалы - латын алфавитінің кіші əріптері жиыны }
Жиын типін айнымалылар мен тұрақтыларды сипаттаған кезде де анықтауға болады, мысалы:
Var
number:set of 1..31; { айнымалы - 1-ден 31-ге дейінгі бүтін сандар жиыны}
cif:set of 0..9; { айнымалы – сандар жиыны } kods:set of #0..#255; { айнымалы - ASCII
кестесінің
символдары жиыны }
workweek, week:set of dayn; { айнымалы – апта күндері жиыны }
136
Жиын типіндегі айнымалы мəндері де жиын болады. Осы
типтегі айнымалылар мен тұрақтылардың нақты мəндері тік жақ-
шаға алынып, үтірмен ажыратылып жазылған элементтер тізімі
түріндегі жиын құраушысы (конструкторы) көмегімен анық-
талады. Жиын элементтері базалық типтегі тұрақты, айнымалы
жəне өрнек түрінде берілуі мүмкін. Сонымен бірге жиынға кі-
ретін элементтер мəнінің аралығын – интервалын да көрсетуге
болады, мысалы:
[ ] – бос жиын;
[2,3,5,7,11] – тек бірнеше бүтін сандардан тұратын жиын; ['a','d','f','h'] – бірнеше латын əріптерінен тұратын жиын;
[1,k] - 1 бүтін санынан жəне k айнымалысының ағымдағы мəнінен тұратын жиын;
[k..2*k] – бүтін сан жəне k айнымалысының 2*k өрнегінің нəтижесіне дейінгі мəнінен тұратын жиын;
[2..100] - 2-ден 100-ге дейінгі бүтін сандар жиыны;
[1,2,3..7] - 1,2,3,4,5,6,7 сандарынан тұратын бүтін сандар жиыны;
[red,yellow,green] – саналатын типтегі үш элементтен тұратын жиын