Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1
boribaev-algoritmdeu
Мысалы: [1,2] + [3,4] = [1,2,3,4]; [1..10] * [3,8,9,15,23,45] = [3,8,9]; [1..15] - [3,8,9,15,23,45] = [1,2,4..7,10..14]; [red,blue,green,black] * [blue,magenta,yellow] = [blue]. Қатынас операциялары. Жоғарыда айтылған операциялар-дан басқа жиындарға қатынас операциялары қолданылады. Қа-тынас əрекеттерінің операндтары ретінде жиын типіндегі айны-малылар мен өрнектер қолданылады. 6.2-кестеде математикалық жиындарды салыстыру операциялары мен Турбо Паскальдағы қатынас операциялары арасындағы сəйкестік келтірілген. 6.6-сурет. Элементтің жиынға кіретінін тексеретін синтаксистік диаграмма Элементтің жиынға кіретіндігін тексеру операциясы. Іn сөзімен белгіленген элементтің жиынға кіретіндігін тексеру опе- 138 рациясының синтаксистік диаграммасы 6.6-суретте көрсетілген. Қатынас операцияларына қарағанда in операциясында бірінші опе-ранд жиындық мəннің базалық типіне жатуы тиіс. Іn операциясының нəтижесі логикалық мəн болып табылады. Төменде қатынас операциялары мен элементтің əр түрлі жи-ынға кіретіндігін тексеру операцияларының мысалдары кел-тірілген.
k=1,3,5 болғанда k in [1,3,5,7,9] – операция нəтижесі TRUE жəне k=2,4,6 болғанда – FALSE. Жиындық типтегі мəндерді енгізуге жəне шығаруға болмайды. Алайда жиын элементтерінің мəнін енгізіп жəне оларды біріктіру операциясының көмегімен жиынға қосуға болады, мысалы: S:=[ ]; {бастапқы жиын бос} Read(n); while not Eof do begin 139 S:=S+[n]; {бастапқы жиын мен енгізілген элементтерден тұратын жиынды біріктіру} end; ... Жиын элементтерін шығару үшін: цикл ішінде базалық типтегі барлық элементтердің жиынға кіретіндігін тексеріп, кіретіндерін шығарады. Мысалы: for i:='a' to 'z' do if i in S then Write(i:3); 6.2-мысал. Енгізілген сөздің əріптен немесе сызу белгісінен жəне сөздің ішіне арнайы символдардың кіретіндігін анықтайтын программа жазу керек. Латын алфавитінің бас əріптері мен кіші əріптері жəне сызу символдарынан тұратын жиын құрастырамыз: ['A'..'Z','a'..'z','_']. Сонымен бірге, сөздің екінші символынан бастап кездесуі мүмкін символдар жиынын құрастырамыз: ['A'..'Z','a'..'z','_','0'..'9']. Программаға сөз тіркесін енгізіп, бірінші символын, сонан соң цикл ішінде қалған символдарын да тексеру керек. Program ex; Var sr:string; key:boolean; i:integer; Begin WriteLn(‘Жолды енгізіңіз’); ReadLn(st); if st[1] in [‘A’..’Z’,’a’..’z’,’_’] then {бірінші символды тексеру} begin i:=2; key:=true; while (i<=length(st)) and key do {қалған символдарды тексеру} if st[i] in [‘A’..’Z’,’a’.. жүктеу/скачать 4,42 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |