Жиындарды инициализациялау. Жиын типтегі айныма-лыларды типтік тұрақтыларды қолдану арқылы инициализа-циялауға болады. Мысалы:
Type setnum=set of byte;
Const S:setnum=[1..10]; {инициализацияланған айны-малы, оның программадағы бастапқы мəні 1-ден 10-ға дейінгі бүтін сандардан тұратын жиын}
Жиындармен орындалатын операциялар.Жиындық тип-тегі мəндермен жұмыс жасау үшін арнайы операциялар қа-растырылған. Олар жиындар теориясында анықталған: бірігу, қиылысу жəне жиындарды толықтыру операциялары. Бұл екі орынды операциялар, операнд ретінде жиын типіндегі мəндерді қабылдайтын жиын жəне өрнек қолданылады. Операндтың екеуі де бір жиындық типке жатуы керек. Бұл операндтардың Турбо Паскальдағы белгіленуі мен геометриялық бейнеленуі 6.1-кесте-де келтірілген.