var Driver, Mode : Integer;
begin Driver := CGA; {Драйвер }
Mode := CGAC2; {Жұмыс режимі }
InitGraph(Driver, Mode, ‘C:\TP\BGI’);
...... Егер компьютер адаптері белгісіз жəне программа кез келген адаптермен жұмыс жасауға бейімделген болса, онда процедураны драйвер типін автоматты анықтау түрінде іске қосу керек:
Driver := Detect;
InitGraph (Driver, Mode, ‘C:\TP\BGI’);
Процедура осы тəсілмен іске қосылса, экран графикалық режимге қосылады, ал процедурадан шығар кезде Driver жəне Mode айнымалылары, драйвердің типін жəне жұмыс режимін анықтайтын, бүтін санды мəндерге ие болады. Бірнеше режимде жұмыс істей алатын мүмкіндігі бар адаптерлер үшін ең жоғарғы
165
режим алынады. Мəселен, CGA адаптері үшін Driver= Detect мəні Detect айнымалысына 1 (ССА) мəнін қайтарады жəне Mode мəні
– 4 (CGAHi), ал VGA адаптері үшін Driver = 9 (VGA) жəне Mode = 2 (VGAHi) болуы тиіс.
GraphResultфункциясы графикалық процедуралардың соңғы іске қосылуының нəтижесі жазылған Integer типтегі мəнді қай-тарады. Егер қате болмаса, функция мəні – нөл, кері жағдайда – төмендегідей мəні бар теріс сан болады:
const grOk =0; {Қате жоқ }
grInitGraph =-1; {Графикалық режим іске қосылған жоқ } grNotDetected =-2; {Драйвер типі анықталмаған } grFileNotFind =-3; {Графикалық драйвер табылмады } grInvalidDriver =-4;{Драйвер типі дұрыс емес} grNoLoadMem =-5; { Жадыда драйверді орналастыруға орын
жоқ }
grNoScanMem =-6; { Жадыда аумақтарды қарауға орын жоқ } grNoFloodMem =-7; { Жадыда аумақтарды бояуға орын жоқ } grFontNotFound =-8; {Қаріп жазылған файл табылмады } grNoFontMem =-9; { Жадыда қаріпті орналастуға орын жоқ } grlnvalidMode =-10; {Графикалық режим дұрыс емес } grError =-11; {Жалпы қате }
grIOError =-12;{Енгізу-шығару қатесі} grInvalidFont =-13;{Қаріп форматы дұрыс емес} grInvalidFontNum =-14; {Қаріп нөмірі дұрыс емес}
GraphResult функциясы іске қосылған соң, қате белгісі алынып тасталады, қайта іске қосылғанда функция мəні нөлге тең болады.