...... InitCraph процедурасын іске қосқанда, қате көбіне графика-лық адаптер драйвері жазылған файлдың қайда орналасқанды-ғын дұрыс көрсетпегендіктен болады (мысалы, CGA.BCI файлы CGA адаптері үшін). Драйверді баптау ісі InitGraph процедура-сын шақырғанда, драйвер атында жазылған қажет файлды іздеу маршрутын көрсетуден басталады. Мысалы, егер драйвер D дискісінің PASCAL каталогының DRIVERS ішкі каталогында орналасқан болса, шақыру мынадай түрде жазылу керек:
InitGraph(Driver, Mode, ‘d:\Pascal\Drivers’);
Ескерту. Бұдан кейінгі мысалдардың барлығында InitGraphпроцедурасының Driver параметрі бос жол түрінде шақырылады. Мұндай шақыру формасы тек қажет графикалық файл ағым-дағы каталогта орналасқанда ғана дұрыс болып саналады. Мы-салдардың қайталануын жеңілдету үшін өз компьютеріңіздің адаптеріне сəйкес файлды ағымдағы каталогқа көшіріп қоюыңыз қажет.
CloseGraph процедурасы адаптердің графикалық режимдегі жұмысын аяқтап, мəтіндік режим жұмысын қалпына келтіреді. Процедура тақырыбы: