Function GetDriverName: String;
GetMaxMode функциясы адаптердің жұмыс режимдерінің саны жазылған Integer типті мəнді қайтарады. Функция тақырыбы:
Function GetMaxMode: Integer;
GetModeNameфункциясы нөмірі бойынша адаптердің жұ-мыс режимі жəне экран мүмкіндіктері жазылған String типті мəн-ді қайтарады. Функция тақырыбы:
Function GetModName(ModNumber: Integer): String; мұндағы ModNumber – режим нөмірі.
Келесі программа графикалық режим іске қосылғаннан кейін, экранға жүктелген драйвер аты жəне оның жұмыс режимдері жайлы мəліметтер шығарады.
Uses Graph;
var
a,b: Integer;
begin
a := Detect;
InitGraph (a, b, ‘’);
WriteLn (GetDriverName);
for a := 0 to GetMaxMode do
WriteLn(GetModeName(a):10); ReadLn;
169
CloseGraph
end.
GetModeRange процедурасы. Берілген графикалық адаптер-дің жұмыс режимдерінің диапазонын қайтарады. Процедура та-қырыбы: