Параметр-тұрақтылар Процедураға жəне функцияға берілетін аргументтер стек-те сақталатын болғандықтан, көлемі үлкен жиым берілген кезде стек толып кетуі мүмкін. Турбо Паскаль тілінде ішкі программаның формальды параметрлерін сиаттауға болатын CONSTсипаттаушысы бар. Осындай параметрге сəйкес аргу-мент, Var сипттаушысының параметрі тəрізді, сілтеме бойынша беріледі. Бірақ, процедураның (функцияның) өзінде оған жаңа мəн меншіктеуге болмайды.
PROCEDURE< процедура аты> (CONST <тұрақты аты>:
<типі>; ...); FUNCTION <функция аты> (CONST <тұрақты аты> :
<типі> ; ...): <нəтиже типі> ; Параметр-тұрақтыны басқа ішкі программаға параметр ре-тінде беруге болмайды.
Параметр-процедура жəне параметр-функция Процедуралық типті хабарлау үшін, процедура (функция) аты
жазылмаған ішкі программа тақырыбы қолданылады.
Мысалы:
TYPE
TPR1= PROCEDURE( X,Y : REAL; VAR Z : REAL);
TPR2= PROCEDURE ;
TF1= FUNCTION: STRING;
TF2=FUNCTION ( VAR S: STRING) : REAL;