Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет130/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

3. Алдын ала қорғау. Деректерді сақтаудың тəуір саясаты 
сақ тандыратын сипатта болады. Рұқсатсыз қатынауға немесе іс-
қимылға жол бермеу арқылы ақпаратты сақтаймыз. Бірақ алдын 
алуға негізделген жүйе деректерді қауіпсіз сақтауға көмектесетін 
құралдар мен əдістерді əкімшінің мүлтіксіз меңгеруін қажет етеді.
4. Бірегейлендіру. Желіге қатынау үшін біз пайдаланушы- 
ның аты мен парольді дұрыс енгізуіміз қажет. Парольдер пайдала-
ну шының есепке алу жазбаларымен байланысты болғандықтан
парольдерді жүйелік сəйкестендіру рұқсатсыз қатынауға қарсы 
қорғаныстың бірінші шебі болып табылады.
5. Үйрету. Жақсылап үйренген желі пайдаланушысының де-
ректерді байқамай бүлдіру ықтималдығы аз болады. Əкімші 
желі пайдаланушыларын жұмыс істеу мен қауіпсіздік əдістерінің 
барлық егжей-тегжейіне үйрету керек. Ол үшін ол қысқа, түсінікті 
нұсқау əзірлеуі, қажет болғанда, əсіресе жаңа пайдаланушыларға 
үйретуді ұйымдастыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет