233 Бұл мəселеге өте жақын ашықтық принципі тұр. Корпора-
тивтік желіні тек қана жоғары сыныпты бағдарламалаушылар
пайдаланбайды. Сонымен қатар корпоративтік желінің негізгі
міндеті пайдаланушылардың өндірістік қажеттілігін, яғни ақпа-
ратпен жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Сон-
дықтан, ақпараттық қорғау жүйесі «фондық» режимде жұмыс
істеуі қажет, «байқалмайтын» жəне пайдаланушының негізгі
жұмысына кедергі жасамайтын, бірақ оған жүктелген барлық
қызметті мүлтіксіз атқаруы керек.
Ескертпелік принцип. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіп төну
салдары ақпаратты қорғаудың кешенді жүйесін жасауға кет-
кен шығындармен салыстырғанда қаржылық, уақыттық жəне
материалдық анағұрлым көп шығындарды қажет ететіндігі
əрқашан есте болуы керек.
Оңтайлылық принцип. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіпті амал-
даудың əртүрлі əдістері мен тəсілдерінің арақатынасын оңтайлы
таңдау, шешім қабылдағанда ақпаратты қорғау жүйесін жасау
шығындарын едəуір дəрежеде азайтуға мүмкіндік береді.