Барабарлық принцип. Қабылдайтын шешім ақпарат қауіп-
сіздігіне қауіптің маңыздылығына, жиілігіне жəне пайда бөлу
ықти малдығына, ақпараттың өзінің құпиялылық дəрежесіне жə-
не оның коммерциялық құнына байланысты сараланған болуы
қажет.
Жүйелік ыңғай принципі. Қорғау жүйесін құрастыруда бұл
принцип ақпарат қауіпсіздігіне қауіпті амалдау бойынша шаралар
кешенін корпоративтік желіні жобалау кезеңінде қарастырады,
бұл ақпаратты қорғаудың ұйымдық жəне инженерлік-техника-
лық шаралардың оңтайлы қиюласуына мүмкіндік береді. Бұл
принциптің жүзеге асуының маңыздылығы мынада: жұмыс
істеуші қорғалмаған корпоративтік желіні ақпараттық қорғау
құралдарымен жабдықтауды бастапқы жобалау жəне қорғалған
нұсқада тұрғызудан күрделі жəне қымбат болады.