Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет162/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   257
Бейімділік принципі. Ақпаратты қорғау жүйесі желінің пі-
шін үйлесімі, пайдаланушылар саны, құпиялық дəрежесі жəне 
ақпарат құндылығының өзгеру мүмкіндігін есепке алып құрылуы 
қажет. Мұнда желіге жаңа элементті енгізу немесе іс-əрекеттегі 
16–1525


234
жағдайларды өзгерту корпоративтік желінің тұтас алғанда, қол 
жеткен қорғалу деңгейін төмендетпеуі керек.
Дəлелденгендік принципі. Ақпаратты қорғау жүйесін жа-
сауда корпоративтік жүйенің ішінде ұйымдастыру шарала-
рын логикалық жəне физикалық жұмыс орындарын бір біріне 
байланыстыра орындау, сонымен қатар арнайы аппараттық –
бағдарламалық сəйкестендіру, бірегейлендіру құралдарын қол-
дану жəне ақпараттық түпнұсқалығын растау қажет. Бұл прин-
ципті жүзеге асыру жүйені күрделілендіру шығындарын азайтуға 
мүмкіндік береді, мысалы, цифрлық электрондық қол қоюды тек 
корпоративті желімен байланыс арнасы арқылы қосылған қа-
шықтағы, сыртқы жұмыс орындары мен терминалдармен жұмыс 
істегенде ғана қолдану. Бұл принцип корпоративтік желі қауіп-
сіздігін қамтамасыз ету бағытын, ақпаратты қорғау функциялары 
мен шараларын таңдау кезінде негізге алынуы қажет.
Корпоративтік ақпараттық жүйелер ақпаратты автоматтанған 
өңдеуді жүзеге асыратын бөліктенген компьютерлік жүйеге жа-
тады. Корпоративтік желіні (КЖ) жасауда жəне жаңартуда өз 
КЖ ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйесін жасау жəне жаңарту 
қамын ойлау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет