2. Кері байланыспен блоктап шифрлау – көп блоктардан
тұратын хабарды шифрлау үшін алгоритмді көпқайтара пайдала-
ну. Бұл əдісте хабар 64 биттік блоктарға бөлінеді, олардың тізбегі
кері байланысты пайдаланып шифрланады. Шифрлаудың əрбір
қадамының нəтижесі есте сақталады жəне бастапқы мəтіннің
келесі шифрланатын блогын түрлендіруге пайдаланылады. Шифр-
ланған мəтіннің əрбір 64 биті бастапқы мəтіннің келесі бло гы мен
модуль 2 бойынша бит сайтына қосылады. Қабылдау соңында
шифрланған мəтін блоктары бір цикл бойына сақталады, сон-
дықтан шифрлау нəтижесінде алынған модуль 2 бойынша сол
тəсілмен дешифрланған мəтінмен қосылуы мүмкін.