317
Бұнда шифрлау жəне дешифрлау кілттері пайдаланылады.
Сірə, дешифрлау үдерісінде құпия кілт пайдаланылуы қажет бола-
ды. Бірақ жаңа идеяда, əлбетте, дешифрлау үдерісінде ашық кілт
қолданылуы керек. Шифрлау жəне дешифрлау үдерістері кілтке
тəуелсіз өзара қайтымды болуы үшін, кілттер өзара байланысты
болуы керек, бірақ мұнда ашық кілтті білу құпия кілтті ашпауы
керек. Кілттерді бөлу процедурасында ақпаратты жіберетін або-
ненттен алып, бұл кілт ашық болғандықтан ақпаратты қабылдау
абоненттерінің ішіне таратады, мұнда көбісі бірден бір кодты
білуден кілттің қауіпсіздігі төмендемейді. Бұл, абоненттердің
үлкен тобы құпия деректерді алғанда бағалы болады. Бұл үшін
пайдаланылатын шифрлау функциясы айтарлықтай ерекше, өйт-
кені алгоритм мен кілттің толық ашықтығы ойда тұрады.
Кілтті генерациялау алгоритмінде бірбағытталған функция
қолданылады, мұнда нəтижені оңай есептеуге болады, бірақ есеп-
теуге қатысқан деректерді қалпына келтіруге мүмкін болмайды.
Мұнда бірбағытталған функцияның қасиеті пайдаланылады жəне
мұнда құпия кілт белгілі болғанда ғана алмасу мүмкіндігі туады.
Ашық кілтті жүйелер асимметриялы болады, өйткені алмасу
процедурасы əртүрлі ақпаратқа ие болады жəне деректерді кілт
иесіне бағыттап қана шифрлай алады. Екі бағытталған алмасу тек
алмасудағы екі қатысушыда да кілт болса ғана мүмкін болады.
Хабардың тұтастығын тексеру əрбір шифрланатын блок-
та қос кездейсоқ сандар болатын хаттаманың көмегімен жүзеге
Достарыңызбен бөлісу: