Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Деректерді шифрлау стандартына сəйкес шифрлау сызбасы  30-суретте берілген. 30-сурет



Pdf көрінісі
бет214/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

314
Деректерді шифрлау стандартына сəйкес шифрлау сызбасы 
30-суретте берілген.
30-сурет. Шифрлау стандартына сəйкес шифрлау сызбасы
Стандарт 64 биттік (32 биттен 2 бөлік) блоктарды пайдала-
нады. Негізгі амалдарды 32 биттік жəне 48 биттік кілттермен 
амалдар жасайтын функция орындайды. Нақты стандартта амал 
16 рет қайталанады. 16, 48-биттік кілттер бастапқы 56-биттік 
шифрлау алгоритмінен генерацияланады. Кілтті кері тəртіппен 
пайдаланып, шифрлауда кері үдерісті дəл қайталауға дешифрлау 
мүмкіндік береді. F функциясының күрделілігі маңызды емес.
32-биттік Ri кіру блогы, блоктың бөлігін көшірмелеу жəне 
48-биттік Кi+1 кілтпен қосу жолымен Е[Р( Ri)] 48-разрядтарға 
дейін кеңейту, Р(Ri) алмастыру операцияларын жүргізеді. 
M
i+1
=E (P (R
i
))+2K
i+1
 
Алынған M
i+1
 S (M
i+1
) M
i+1
 48-биттік нəтиже 6 биттен 8 ішкі 
блоктарға бөліктенеді. Əрбір ішкі блокқа, төрт биттік нəтиже 
беретін, ауыстыру қолданылады. Əрбірі 4-биттен 64 сөзден ау-
ыстырулар кестесі пайдаланылады. Осылай, F функциясының 
шығуын генерациялап, P (S (M
i+1
)) ауыстыруға тартылатын S 
(M
i+1
) 32-биттік хабарды қалыптастырады. Яғни
F(R
i
 ,K
i+1 
) =P[S[ E(P (R
i
 ))+
2
K
i+1
] ]
Алгоритмнің қалған бөлігі берілген 56-биттік кілттердің гене-
рациясын қамтамасыз етеді. Бұл жай ауыстырулар көмегімен 2-і 
28-биттік регистрлермен орындалады.
Ұсынылған сызба жеткілікті түрде əмбебап, оны биттер, 
символдар, деректер блоктары тізбегін шифрлауға пайдалануға 
болады. Кілт мөлшері алгоритм сенімділігіне əсер етеді. Кілт 


315
қалыптасатын деректер блогында 64-бит болады, мұнда блоктың 
əрбір байты тақтыққа тексеріледі. Сонымен кілттің тиімді 
мөлшері 56 бит болады.
Шифрлау алгоритмін қолданудың төрт əдісі болады.
1.  Электрондық кодтау кітабы – шифрлау алгоритмін ті-
келей бір блок үшін қолдану. Бұл əдіспен шифрлауға қажет 
хабарды мөлшері 64 бит блоктарға бөлу керек жəне əр блок-
ты жекелеп шифрлайды. Бұл əдістегі кемшілікке байланысты 
бұлай істеу міндетті емес. Егер блок екі рет кездессе кодталған 
блокта солай қайталанылады. Деректердің кездейсоқ тізбегінде 
мұндай жағдай сирек кездеседі, сондықтан оны есепке алмауға 
болады, бірақ нақты хабарларды артығымен жібергенде мұны 
ескермеуге болмайды. Компьютерлік тестілерде мəтінді көрнекі 
көрсету үшін жолдардың арасындағы бос жерлер немесе сандық 
деректердегі нөлдер жолы сияқты жиі қайталанатын блоктар бо-
лады. Деректерді жинақтауға жəне шифрланған блоктар стати-
стикасын құруға, содан кейін кодтау кітабындай дешифрлауды 
орындауға болады. Электрондық кодтау кітабын қолданып, шиф-
рлау əдісі осы қасиетке негізделеді. Бұл əдісті кодталатын дерек-
тер шын мəнінде кездейсоқ немесе кездейсоқ құраушылар көлемі 
едəуір болған жағдайда пайдаланады. Əдетте, бұл кілттер, олар 
есептеу желісінде сақтау немесе жіберу үшін басқа кілттермен 
кодталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет