Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


-сурет. РША-ны шифрлау сызбасы 318



Pdf көрінісі
бет217/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

31-сурет. РША-ны шифрлау сызбасы


318
асырылады. Жіберуші жаңа кездейсоқ санды генерациялайды 
жəне келгенін қайтарады. Бірінші блоктың түпнұсқалығы тек се-
рілгеннен кейін, қалғандарын жіберу орындалады. Жоғары сенім-
ділікті қамтамасыз ету үшін сандар реті 512 бит болуы керек. 
Санның мұндай ұзындығы есептеуді өте қиындатады. Кілттер 
қысқа болса шифрлау функциясы тез есептелінеді.
Криптографияда бəрі криптографиялық кілттердің таратылуы-
на тəуелді болады, ол не құпиялылық шартын немесе тұтастығын 
қанағаттандыру керек.
Егер кілттер басқа кілттермен шифрланған болса, онда оларды 
адамды қатыстырмай есептеу желісінің жіберу арналары арқылы 
таратуға болады. Яғни, кілттер жиыны иерархия құрайды. Мұнда 
əрбір кілт шифрланған түрде таратылады немесе сақталады жəне 
өте жоғары деңгейдегі кілтке тəуелді болады. Бірақ мұндай иерар-
хияда ең жоғары деңгейдегі кілт желі бойынша əкетілмейді жəне 
құпиялықты қамтамасыз ететін басқа бір тəсілмен таратылуы 
керек. Бұл жоғары деңгейдегі басты кілттерді курьер жібереді, 
өйткені барлық жүйеде ең осал болатын қалған сызбаның 
қауіпсіздігі оларға тəуелді болады. Басқа кілттерді шифрлауға 
пайдаланылатын жоғары деңгейдегі кілттер ерекше орын ала-
ды. Бұл кілттер шифрланбаған түрде өңделмейді, сондықтан 
қосымша тəуекел шамалы болады. Қызмет көрсетілетін жүйенің 
ерекшеліктеріне тəуелді болатын кілттерді басқарудың көптеген 
түрлері болады. Сондықтан, əрбір жеке жағдай үшін өзінің 
басқару жүйесі жобаланады.
Есептеу желілерін қорғау кілттерінің өзіндік тəн иерархиясы 
төмендегі түрге ие (32-сурет):
Желілер құрал-жабдығы орналасатын шебер-кілт жоғарғы 
деңгейде болып келеді, одан бір-бірден зоналық шебер-кілт жа-
салады жəне əрбір құрылғы үшін желіге қосылған. Соңғы, одан 
кейінгі деңгейде, шифрланған түрде жадыда сақталады.
Осы кілттердің əрбірі, центрлер арасында байланыс желілері 
бойынша беру кезінде деректердің тұтастығын тексеру жəне шиф-
рлау үшін пайдаланылады. Олар желілер құрылғыларының өзара 
жалғануын қолдайды. Ұзақ уақыт бойы деректерді шифрлау үшін 
бір кілтті ғана қолдануға кеңес берілмейді; сондықтан, ең төмен 
деңгейде пайдаланылатын деректер кілті белгілі бір уақыт интер-


319
валында, шифрланған өзіндік шебер-кілттермен желілер бойын-
ша жіберіледі. Олардың өмір сүру уақыты хабар беретін бір сеан-
стан аспайды. 
ҚОРЫТЫНДЫ
•  Криптография ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығын 
қамтамасыз ету мақсатында оны жасыру деп түсіндіріледі. Крип-
тография əдістері ақпаратты жіберуде де жəне оны жадта сақтауда 
да қолданылады.
• Криптография аймағындағы ең жаңа жетістіктердің біріне 
цифрлік сигнатура – хабарға арнайы қасиет қосу арқылы тұ-
тастығын қамтамасыз ету, мұнда хабар авторына меншіктелген 
ашық кілт белгілі болса ғана тексеруге болады.
•  Криптографиялық əдістер ақпараттың құпиялылығын, тұ-
тастығы мен нақтылығын тексеруді қамтамасыз ету үшін пайда-
ланылады.
• Ақпаратты жасыру үшін кодтау жəне шифрлау қолданылады.
• Кодтау – кодтық кітаптар немесе кестелердің пайдаланылуы. 
Əр сөзтіркестеріне кодтық сөздер сəйкестеніп, көбінесе, цифлар 
жиынымен беріледі қайтадан анықтау үшін сондай кодтық кітап 
пайдаланылады.
•  Шифрлау – символдарды анықтауға болмайтын мəтінге 
түрлендіретін процедура. Процедураны қорғаудың айтарлықтай 
маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет