37
құрылғыдан тұрады деп есептеледі және бұл құрылғылардың бірдей немесе
әртүрлі екені маңызды емес.
Суперскалярлық процессорлар машиналық команда терминіндегі
программа құрамында параллельділік туралы қандай да ақпараттың болуын
қажет етпейді. Мұнда, машиналық кодтағы параллельділікті байқау, анықтау
есебі аппаратқа жүктеледі және ол, сәйкесінше, командалардың орындалу
тізбегін тұрғызады.
Тәжірибе жүзінде
VLIW–процессорлары (Very Large Instruction Word)
негізінен фон-неймандық компьютері ережесімен жұмыс істейді.
Айырмашылығы: процессорге әр цикл сайын берілетін команда, бір ғана
операцияны емес, бірден бірнешеуін анықтайды.
VLIW-процесорының командасы ӛрістер
жиынтығынан тұрады, олардың
әрқайсысы ӛзінің операциясына жауап береді, мысалы,
функционалды
құрылғыларды активтеу, жадпен жұмыс істеу, регистрлермен операция және
т.б. Егер процессордың қандай да бір бӛлігі, бағдарламаның орындалуы
барысының ағымды этапында қажет етілмесе, онда команданың оған сәйкес
ӛрісі әрекет етпейді.
Осыған ұқсас архитектуралы компьютерлер қатарына Floating Point
Systems фирмасының АР–120В компьютерін мысалға келтіруге болады. Оны
алғаш пайдалану 1976 жылы басталып, 1980 жылы дүние жүзі бойынша 1600
–ден аса данасы орнатылды. АР–120В компьютерінің командасы 64
разрядтан тұрады және ол машинаның барлық құрылғыларының жұмысын
басқарады. Әрбір тактіде (167 нс) бір команда беріледі, бұл бір секунд ішінде
6 миллион команданың орындалуына эквивалентті.
Әрбір команда бір
уақытта бірнеше операцияларды басқара алатындықтан, нақты ӛнімділік
жоғары болуы мүмкін. АР–120 В командасының барлық 64 разряды, әрбірі ӛз
операциялар жиынына жауап беретін алты топқа бӛлінеді: 16-разрядты бүтін
санды берілгендер және регистрлермен операциялар, нақты сандарды қосу,
енгізу/шығаруды басқару, ӛту командалары, нақты сандарды кӛбейту және
басты жадтағы жұмыс командалары.
VLIW-процессоры үшін бағдарлама әрқашанда параллельділік туралы
нақты,
дәл
ақпаратты
қамтиды.
Мұнда,
компилятор,
әрдайым
бағдарламадағы параллельділікті ӛзі анықтап, қандай операциялар бір-біріне
тәуелсіз екені туралы ақпаратты аппаратураға айқын түрде хабарлайды.
VLIW-процессорына арналған кодта процессордың бағдарламаны
қалай орындайтыны туралы нақты жоспары енгізілген: әр операция қай кезде
орындалады, қандай функционалды
құрылғылар жұмыс істейді, қандай
регистрлерге қандай операндтар кіреді және т.б.
Екі бағыттың да ӛз артықшылықтары мен кемшіліктері бар және де
VLIW архитектурасының шектелген мүмкіндіктері мен қарапайымдылығына
суперскаляр жүйелердің күрделілігі мен динамикалық мүмкіндіктерін қарсы
қоюдың қажеті жоқ. Әрине, компиляция кезінде операцияның орындалу
жоспарын құру, суперскалярлық жүйелер үшін де жоғары дәрежедегі
параллелділікті қамтамасыз ету үшін маңызды екені айқын. Сонымен бірге,
38
компиляция кезінде бірмәнді еместік туындайды,
оны суперскалярлы
архитектураға тиісті динамикалық механизмдер кӛмегімен тек қана
бағдарламаның орындалуы кезінде ғана шешуге болады.
50–ші жылдардың соңында суперскалярлық ӛңдеу идеясының дамуына
IBM фирмасының STRECH жобасы үлкен ықпал етті, қазіргі таңда кӛптеген
микропроцессорлардың архитектурасы осы қағидаға сүйеніп құрылған.
VLIW-компьютерінің айқын ӛкілдері: Multiflow және Cydra компьютерлері
ұрпағы.
Жоғарыда келтірілген екі қағида да жеке процессорлардың ӛнімділігін
арттыруға қатысты, олардың негізінде ӛз кезегінде кӛппроцесссорлы
конфигурациялар құруға болады. Параллель компьютерлердің архитектурасы
компьютерлік индустрияның пайда болуынан бастап, адам нанғысыз темппен
және әртүрлі бағыттарда дамуда [24].
Дегенмен, егер детальдарын ескермей, ал кейінгі басым кӛпшілік
параллель есептеу жүйелерінің жалпы құрылу идеясын бӛліп
қарастыратын
болсақ, онда тек екі класс қана қалатынын кӛреміз.
Бірінші класс – бұл
ортақ (жалпы) жадылы компьютерлер. Осы
принциппен құрылған жүйелерді әдетте
мультипроцессорлық жүйелер
немесе жай
мультипроцессорлар деп те атайды. Жүйеге, ортақ жадыға
қатынауға тең құқылы бірнеше процессорлар кіреді (12 сурет).
12 сурет. Ортақ жадылы параллель компьютерлер
Барлық процессорлар ӛзара жалпы жадыны «бӛледі», осы себепті бұл
класқа жататын компьютерлердің тағы бір атауы -
бөлінген жадылы
Достарыңызбен бөлісу: