63
элементарлық немесе күрделі есептерді шешуге арналған үлкен алгоритмдер
болуы мүмкін.
Жаңа заманғы есептеуіш жүйелер мыңдаған, он мыңдаған, жүз
мыңдаған процессорлардан құралады. Процессорлар саны кӛп жүйелер
жеткілікті түрде толығымен жүктелуі керек. Кері жағдайда оларды құрудың
еш мәні жоқ. Осындай жүйелерде іске асырылатын алгоритмдердегі тізбекті
операциялардың еншісі пайыздың оннан бір немесе жүзден бір бӛліктерін
ғана құрау керек. Алгоритмдерді құрастыру мәселелеріне келесі бӛлімде
тоқталатын боламыз.
Қорыта келе келесілерді атап ӛтейік. Параллельді процестер және
параллель есептеу жүйелеріне арналған жан-жақты әдебиеттерде, ӛнімділік,
жеделдік, тиімділік және т.с.с қатысты кӛптеген әртүрлі анықтамалар мен
заңдылықтарды кездестіруге болады. Әдетте, жаңа анықтамалар мен заңдар,
олардың ескі нұсқалары зерттеушілерді қандай да бір себептермен
қанағаттандырмаған жағдайларда туады. Бірақ мұндай «жаңашылдыққа» ӛте
сақтықпен қарау керек екенін естен шығармаған абзал.
Амдал формуласын негізінен жеделдету мүмкіндігін
болжау үшін
қолданған жӛн. Берілген жағдайда,
шамасын программаны паралельді
есептеу жүйесінде жібермей ақ есептеуге болады. Густавсон–Барсис
формуласын программаны
бір процессорлы компьютерлерде жібермей ақ
қол
жеткізілген жеделдікті бағалау үшін қолдануға болады [5]. Мұнда
шамасы есепті шешу процесінде ӛлшенбейді.
Достарыңызбен бөлісу: