67
Уақыт ӛте келе, кезкелген пайдаланушыға ауқымды бүкіләлемдік
желіге шығуға мүмкіндік беретін Интернет әрбір квартираға да жететіні
анық. Онда ауқымды бүкіләлемдік есептеу желісіне де қосылу мүмкіндігін
аламыз. Егер сізге қандай да бір есептеу жүргізу керек болса, онда сіз желіге
қосылып, онда тапсырма бере де және нәтижесін ала да аласыз және сіздің
тапсырмаңыздың қайда, қалай ӛңделгені маңызды емес, сіз оны білмеуіңіз де
мүмкін. Осыдан келіп бүкіл дүние жүзі бойынша сансыз кӛп есептеу
ресурстарын қамтитын метакомпьютерлерді құрастыру идеялары туындайды.
Параллель есептеу жүйелерін құруда қызықты идеялар ӛте кӛп.
Компьютерлер құрамына әртүрлі есептеу тораптары кӛптеп енгізілуде.
Осындай құрылғылар жиынының үйлесімді жұмыс істеуін ұйымдастыру да
ӛз алдына күрделі мәселелердің бірі. Ішкі үйлесімділікпен қатар кезкелген
параллель компьютердің нақты есептерді шешу инструменті екенін де естен
шығармаған жӛн.
Сонымен, алдыңғы параграфтардан параллель есептеу жүйелерін
ұйымдастыру тәсілдерінің әртүрлі және қаншалықты кӛп екенін кӛріп
отырмыз. Бұл жерде векторлы-конвейерлік компьютерлер, массивті-
параллель және матрицалық жүйелер, арнайы процессорлар, кластерлер,
кӛпағынды архитектуралы компьютерлер және т.б. кӛптеген есептеу
машиналарын айта кетеміз. Егер осы аталғандарды толық сипаттау үшін,
жадыны ұйымдастыру, процессорлар арасындағы байланыс топологиясы,
жекелеген құрылғылар жұмысының синхрондылығы немесе операцияларды
орындау тәсілі сияқты маңызды параметрлер туралы мәліметтерді қосатын
болсақ, онда түрлі архитектуралар саны шексіз кӛбейген болар еді.
Неге параллель архитектуралар саны ӛте кӛп? Олар бір-бірімен қалай
байланысты? Әрбір архитектураны қандай негізгі факторлар сипаттайды?
Бұл
сұрақтардың
жауабын
есептеу
жүйелері
архитектурасын
классификациялау [23] арқылы алуға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар ӛткен
ғасырдың 60-шы жылдарының соңында М. Флин ұсынған (қазіргі уақытта да
пайдаланылуда) классификацияның бірінші нұсқасынан кейін басталды.
Олардың барлығы дерлік М. Флин классификациясына толықтырулар және
түзетулер енгізу, қандай да бір жүйеге келтіру бағытында алынды.
Қазіргі уақытта әртүрлі параметрлерге, белгілерге негізделген
параллель есептеу машиналарының классификациялары кӛп [10]. Оларға М.
Флин (1966 ж.), Р. Хокни, Т. Фенг (1972 ж.), Дж. Шор (1973), В. Хендлер, Л.
Шнайдер (1988 ж.), Д. Скилликорн (1989 ж.), С. Дазгуп (1990 ж.) және т.б.
классификацияларын жатқызуға болады.
Бұл кітапта біз М. Флин және Р. Хокни классификацияларына ғана
тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: