69
22 сурет. М. Флин классификациясының MISD және MIMD кластары
Бұл класта, есептеу жүйесінде бір кешенге біріктірілген, командаларды
ӛңдейтін бірнеше құрылғы бар деп есептеледі және олардың әрқайсысы ӛз
командалар ағынымен және деректер ағынымен жұмыс істейді. Оған кӛп
процессорлы векторлы супер ЭЕМ ғана емес, басқа да кӛп процессорлы
компьютерлер жатады. Кӛптеген қазіргі супер ЭЕМ-ың архитектурасы
MIMD болып табылады.
Тӛртінші класс – MISD (Multiple Instruction stream/Single Date stream) -
командалардың кӛптеген ағыны және деректердің жеке ағыны (22 сурет).
Анықтама бойынша, архитектурада бір деректер ағынын ӛңдейтін
кӛптеген процессорлар болуы қажет. Алайда бүгінгі күні бұл қағидамен
жұмыс жасайтын есептеу машинасы тіркелмеген. Әзірше бұл класс бос десе
болады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандай SISD класына VAX 11/780 типі
сияқты бірпроцессорлы тізбекті компьютерлер кіреді. Алайда, бұл класқа,
егер сәйкес команда үшін векторды бүтін бӛлінбейтін берілген деп
қарастыратын болсақ, онда векторлы-конвейерлік машиналарды да енгізуге
болады. Бұл жағдайда SISD класына Cray-16, CYBER 205, FACOM VP
машиналары және кӛптеген т.б машиналар да жатады.
SIMD класына даусыз
процессорлық матрицалар: ILLIAC IV, ICL
DAP, Goodyear Aerospase MPP, Connection Machine 1 және т.б. кіреді.
Мұндай жүйелерде процессорлық элементтер жиынын ортақ басқару
құрылғысы қадағалайды. Әрбір бекітілген уақыт мезетінде, әрбір
процессорлық элемент, басқару құрылғысынан бірдей команданы қабылдап,
оны ӛздерінің локальды берілгендеріне орындайды. Классикалық
процессорлық матрицалар үшін ешқандай сұрақ туындамайды. Алайда бұл
класқа векторлы-конвейерлік машиналарды да енгізуге болады, мысалы
Cray-1. Бұл жағдайда вектордың әрбір элементін деректер ағынының жеке
элементі деп қарастыру қажет.
MIMD класы ӛте кең, себебі оған барлық мүмкін мультипроцессорлық
жүйелер: Cm*, C.mmp, Cray Y-MP, Denelcor HEP, BBN Butterfly, Intel
Paragon, Cray T3D және кӛптеген басқа машиналар енеді. Қызықты жері –
егер конвейерлік ӛңдеуді жеке деректердің векторлық ағыны емес, ал
скалярлық ағын жиынымен түрлі командалардың тізбектеліп орындалуы деп
БҚ
ДЖ
БҚ
ПР
ДЖ
MISD
MIMD
Достарыңызбен бөлісу: