Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


М. Флин (M. Flynn) классификациясы



Pdf көрінісі
бет38/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

М. Флин (M. Flynn) классификациясы.
Флин классификациясы ағын түсінігіне негізделеді. Ағын - процессорда 
ӛңделетін командалар немесе деректер тізбегі. Командалар мен деректер 
ағымы санына байланысты Флин архитектураны 4 класқа бӛледі. Біріншісі
SISD (Single Instruction stream/Single Date stream) – командалардың жеке 


68 
ағыны және деректердің жеке ағыны (21 сурет). Бұл суретте келесі 
белгілеулер пайдаланылған: ПР – бір немесе бірнеше процессорлық 
элементтер, БҚ – басқарушы құрылғы, ДЖ – деректер жадысы. Бұл класқа 
классикалық тізбекті машиналар немесе басқаша айтқанда фон-Нейман типті 
машиналар жатады, мысалы, PDP-11 немесе VAX 11/780. Мұндай 
машиналарда командалардың бір ағыны ғана болады, барлық командалар 
кезекпен бірінен кейін бірі ӛңделеді (орындалады) және әрбір команда бір 
скалярлық операцияны кӛрсетеді. Бұл класқа командаларды ӛңдеу 
жылдамдығын және арифметикалық операцияларды орындау жылдамдығын 
жоғарылату үшін конвейерлік ӛңдеу қолданылуы мүмкін: мысалы, скалярлық 
функционалды құрылғыларымен CDC 6600 және конвейерлік CDC 7600 
машиналары кіреді.
Екінші класс – SIMD (Single Instruction stream/Multiple Date stream) - 
командалардың жеке ағыны және деректердің кӛптеген ағыны (23 сурет). 
Алдыңғы, яғни SISD класынан айырмашылығы, мұндай архитектураларда 
векторлық командалар енетін командалардың бір ағыны сақталады. Ал бұл ӛз 
кезегінде бірден кӛптеген берілгендермен, мысалы, вектор элементтерімен, 
бір арифметикалық операцияны орындауға мүмкіндік береді. Векторлық 
операцияларды орындау тәсілі арнайы айтылмайды, сондықтан вектор 
элементтерін ӛңдеу процессорлық матрица арқылы, мысалы, ILLIAC IV – 
тегі сияқты немесе конвейер кӛмегімен, мысалы, Cray-1 машинасындағы 
сияқты жүргізілуі мүмкін.
21 сурет. М. Флин классификациясының SISD және SIMD кластары 
Үшінші класс – MIMD (Multiple Instruction stream/ Multiple Date stream) - 
командалардың кӛптеген ағыны және деректердің кӛптеген ағыны (22 сурет).
БҚ 
ДЖ 
БҚ 
ПР 
ДЖ 
SISD 
SIMD 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет