71
уақытты бӛлу режимінде жұмыс істейтін бір конвейерлік құрылғымен,
болмаса әрбір ағын ӛзінің жеке құрылғысымен ӛңделеді. Бірінші мүмкіндік
MIMD компьютерлерде пайдаланылады, оларды Хокни конвейерлік деп
атайды. Бұларға, мысалы Denelcor HEP процессорлық модульдері немесе
Tera MTA типті компьютерлерді жатқызуға болады.
Екінші мүмкіндікті пайдаланатын архитектуралар, ӛз кезегінде, тағы
екі класқа бӛлінеді. Бірінші класына айырып/қосқыш кӛмегімен іске асатын,
әрбір процессор арасында тікелей байланыс орнатылуы мүмкін MIMD
компьютерлері кіреді. Екінші класына, әрбір процессор желідегі жақын
кӛршілерімен ғана тікелей байланыс орнатуы мүмкін, ал қашықтағы
процессорлар арасындағы байланыс
арнайы маршруттық жүйе арқылы іске
асатын MIMD компьютерлері кіреді.
Айырып/қосқышы бар MIMD машиналарының ішінен Хокни барлық
жады процессорларға бӛлініп берілген (локалды жады сияқты) машиналарды
(мысалы PASM, PRINGLE, SMP торабынсыз IBM SP2) бӛліп қарастырады.
Бұл жағдайда процессорлар арасындағы қатынас компьютердің айтарлықтай
бӛлігін құрайтын күрделі айырып/қосқыш кӛмегімен іске асырылады.
Мұндай машиналар
таратылған жадылы MIMD машиналары деп аталады.
Егер жады, барлық процессорға айырып/қосқыш арқылы қол жетімді
болатын бӛлінетін ресурс болса, онда MIMD машиналары ортақ жадылы
есептеу жүйелеріне жатқызылады (BBN Butterfly, Cray C90).
Айырып/қосқыш типіне сәйкес классификацияны одан ары жүргізуге
болады: қарапайым айырып/қосқыш, кӛпкаскадты айырып/қосқыш, ортақ
шина және т.б. Қазіргі заманғы кӛптеген есептеу жүйелерінде ортақ бӛлінетін
жадымен қатар таратылған локальды жадылар да қарастырылған. Мұндай
жүйелерді автор гибридті айырып/қосқышымен MIMD машиналары деп
бӛледі.
Желілік құрылымды MIMD машиналарын қарастырғанда, олардың
барлығы таратылған жадылы деп есептеледі, ал классификация одан ары
желі топологиясына сәйкес жүргізіледі: жұлдыз тәрізді желі (ICAP), түрлі
ӛлшемдегі регулярлық торлар (Intel Paragon, Cray T3D), гиперкубтар (Ncube,
Intel iPSC), ағаштар, пирамидалар, кластерлер (Cm*, CEDAR) секілді
иерархиялық құрылымды желілер және де ӛз конфигурацияларын ӛзгертетін
желілер.
Достарыңызбен бөлісу: