Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет125/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Генеративтік жасуша (лат. generatio – туу) - өніп келе жатқан тозаңның
ішіндегі жасушаның бірі, одан екі спермий түзіледі де, қосарлана ұрықтану
үдерісіне қатысады.
Генетикалық (гендік) инженерия (ағ. Gene (tic) engineering) – белгілі
қасиеттері бар генетикалық материалдарын in vitro жағдайында алдын-ала
құрастырып, оларды тірі жасушаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу үдерісін өзгеше
жүргізу.
Генетикалық код – ақуыздың полипептидтік тізбегіндегі амин қышқылдары
қатарын анықтайтын ДНҚ нуклеотидтерінің тізбегі.
Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктер – ағзасына жат ген,
яғни трансген ендірілген өсімдіктер.
Генетикалық өзгергіштік (ағ. genetic variability) – ДНҚ-ның бірінші реттік
құрылымындағы тектік өзгерістер (мутациялар, гендер комбинациясы).


253
Геном – ақуыз құрылымы жөнінде мәлімет сақталған ДНҚ бөлігі. ДНҚ
молекуласындағы нуклеотидтердің белгілі бір ретпен орналасуы, олардағы қандай
да бір ақуыздың синтезделуі жөніндегі информациясын сақтайды. Егер де белгілі
бір себептермен нуклеотидтердің біреуі кірмей немесе алмасып қалса, ағзада басқа
ақуыз синтезі жүре бастайды.
Геномдық мутация – жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне
байланысты организмнің белгілері мен касиеттерінде пайда болатын өзгергіштік.
Геномдық мутация тұтас гаплоидты жиынтықтың немесе хромосомалар санының
көбеюіне немесе азаюына байланысты. Организмдерді хромосомалар саны
гаплоидты жиынтыққа еселеніп көбеюіне карай – полиплоидты, ал еселенбесе –
анеуплоидты немесе гетероплоидты организмдер деп атайды.
Генотип (гр. typos – із, таңба, үлгі, қалып, ағ. genotype) – организмнің немесе
жасуашаның тұқым қуалаушылық негізін құрайтын гендердің жиынтығы.
Генетикалық инженерия
in vitro жағдайында функциялық пəрменді
генетикалық құрылымдарды құрастыруды жəне оларды тірі жасушаларға енгізуді
түсінеді. Генетикалық инженерия генетикамен байланысқан, ал ген инжененриясы
тек генге ғана қатысы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет