Митоздық сегрегация (ағ. mitotic segregation) жасушалардың митоздық
көбею үдерісі кезінде гендік детерминанттардың түсіп қалуы.
Модификациялық өзгергіштік (лат. mitos – түрін өзгерту, қайта құру) –
тұқым қуаламайтын өзгергіштік, генотипке қатысы жоқ, сыртқы ортаның əсерінен
организм белгілерінің өзгеруі.
Молекулалық биотехнология – ДНҚ-ның рекомбинантты технологиясына
негізделген, яғни жасушаның генетикалық бағдарламасын молекулалық деңгейде
өзгертуге арналған ғылым саласы.
Молекулалық будандастыру (ағ. molecular hybridization) – комплементарлық
нуклеотидтердің əрекеттесуі нəтижесінде нуклеин қышқылдары тізбектерінің
арасында комплекстер түзілуі.
Моноклондық антиденелер (ағ. monoclonal antibodies) – бір эпитопқа
(антигендік детерминанта) қатынасты қатаң арнайы бір типті антиденелер. Қалыпты
антидене түзуші жасушалармен шексіз өсуге қабілетті миеломдық ісіктік
жасушалармен біріккенде гибридомалармен синтезделеді.
Морфогенез in vitro (гр. morphe – түр, қалып, genesis – шығу тегі, туыс, ағ. in vitro morphogenesis) – in vitro жағдайындағы морфогенез, организмнің дамуын
қамтамасыз ету үшін форманың немесе құрылымдардың дамуы, жетілуі.
Мутагендер (mutagenes) – физикалық жəне химиялық агенттер: иондалған
сəуле, жоғары жəне төмен температуралар, химиялық заттар. Табиғи мутацияларға
қарағанда мутация жиілігін əжептəуір жоғарылатады.
Мутагенез (лат. mutatio) – физикалық жəне химиялық факторлармен əсер ету
арқылы мутациялардың пайда болу үдерісі.
Мутагенез табиғи (mutagenesis spontaneous) – табиғи
жағдайда
мутациялардың өздігінен пайда болуы.
Мутация (ағ. mutation) – генетикалық материалдың кенеттен табиғи немесе
жасанды түрде өзгеруі салдарынан, организмнің қандай да бір тұқым қуалайтын
белгілерінің өзгеруі. Мутацияның: генеративтік (жыныс жасушаларында жүретін),
сомалық (денелік), ядролық жəне цитоплазмалық мутациялар сияқты бірнеше
түрлері бар.