ІІ. ПЕДАГОГИКА КУРСЫНЫҢ ҚҦРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҦНЫ 1. Педагогика ғылымының дамуының оқу пәнінің мазмҧнында бейнеленуі Педагогика ғылым ретінде оқу пәнінің мазмұнында ӛз кӛрінісін тауып отырады. Ғылым адам іс-әрекеті аймағының қоғамдық ӛндірістік күші және маңызды әлеуметтік институты ретінде объективті білімдерді жасау және теориялық жүйелеумен айналысады. Ғылым ұғымы жаңа білімді алу іс-әрекеті және осы іс-әрекеттің нәтижесі, яғни алынған білім кӛлемі ретінде айқындалады. Кез келген ғылым нақты шынайы болмыс негізінде қалыптасады «оның бейнесі болып табылады», ол туралы білімдерді жүйелейді.
Ғылыми теориялық білімдер практикадан бӛлек ӛзінен ӛзі дами алмайды, сондықтан ғылым мен практика бір-бірімен тығыз байланысты. Практика кез келген ғылымның кӛзі болып табылады. Екінші жағынан, практикалық іс-әрекеттің тиімділігі ғылымның жетістіктеріне негізделсе ғана арта түседі. Теориялық білім шынайы болмысты бағыттауға, жетілдіруге және қайта құруға мүмкіндік береді. Бұл ғылым мен практика міндетті түрде бір-бірін толықтыра және дамыта жүру керек.
Педагогика ғылымы туралы сӛз болғанда, екі ӛзара байланысты жақтарды – бұл саладағы теориялық білімдер мен соған сәйкес педагогикалық іс-әрекетті, яғни педагогтың білім алушылармен тікелей қызметін нақты ажыратып кӛрсету қажет болады.
Педагогиканы ғылым ретінде және педагогикалық іс-әрекеттің аймағы ретінде бір-бірінен айыра білу керек.
Педагогиканы ғылым ретінде анықтау үшін ең алдымен оның нені зерделейтіндігін анықтап алу керек. Бұл сұраққа жауапты оның объектісі мен пәні береді. Кӛптеген жылдар бойы зерттеушілер педагогиканың оқыту объектісі-бала деп санады. Бірақ бұл жаңсақ пікір. Педагогика ӛзінің объектісі ретінде индивидті оның психикасын емес, (бұл психологияның объектісі) оның дамуымен байланысты педагогикалық құбылыстарды қарастырады. Бірақ бала, яғни адам назардан тыс қалмайды. Керісінше, педагогика адам туралы ғылым ретінде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы мақсатқа бағытталған іс-әрекеті зерттейді.
Сонымен, педагогиканың зерттеу объектісі болып педагогикалық құбылыс саналады. Бұл құбылыс қоршаған ортада мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінің адамзат даралығының дамуымен шартталған объективті іс-әрекет білім беру деген атқа ие болды. Білім беру – бҧл педагогиканың объектісі болып табылады. Педагогика негізінде адамның күнделікті даму үрдісін зерттеу, кез келген педагогикалық жүйе шарттарында жүзеге асады. Арнайы оқу-тәрбие мекемелері қалыптасып, адамның білім алуы ерекше қоғамдық қызметке айналғанда, педагогикалық үрдісті арнайы ұйымдастыру мен мақсатты зерттеуді қажет етті.
Сипаттау, талдау, жобалау, және болжау педагогикалық үрдісті іске асыру арқылы, тиімді педагогикалық жүйені іздеумен жаңа ғылыми-педагогикалық білімді алуға болады.
Сондықтан педагогиканың пәні арнайы институттарда (отбасы, білім беретін және мәдени-тәрбиелік мекемелер) адамның барлық ӛмір кезеңдерінің оқу-тәрбиелік бірлігі арқылы мақсатты ұйымдастырылған педагогикалық үрдісі болып табылады.
Ғылыми білімнің қай саласы болмасын негізі ҧғымдық аппаратынан басталады. Ҧғым – бұл таным процесіндегі шындық ӛмірдің бейнесі. Ғылымда ұғым ақиқат іс-әрекетті ұғыну мен эмпирикалық тәжірибенің нәтижесі, ғылымның негізгі бӛлімі ретінде қалыптасады.
Кез келген ғылымның дамуы барысында ұғым бірігіп, іріленіп және ғылым категориясына қайта жасақталып, олар ӛз ретінде жалпы іргелі «тектік» ұғымын бейнелейді. Сол ғылымда зерделенетін басқа да ұғымдар пайда болады.
Қазіргі педагогикалық ғылым адамзат дамуының байланыс кезеңдерін бейнелейді. Бұл дамудың нәтижесі қоғамдық-тарихи тәжірибе болып және жасұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінде жинақталып педагогикалық ұғым формасында болады. Сонымен қатар, педагогика - бұл нақты мәдениет екенін естен шығармау керек. Бұл мәдениетке ену, яғни болып жатқанды түсіну және тиімді қатысу тек ұғымдар жүйесін меңгерген кезде ғана мүмкін. Сонымен қатар, әр ғылымның ұғымдық жүйесі басқа ғылымның ұғымдарымен байланысты. Педагогиканың ұғымдық жүйесі философиямен, психологиямен, әлеуметтанумен басқа да ғылымдармен тығыз байланысты.
Педагогиканың нақты зерттеу пәніне бағыттала дамыған негізгі категорияларға негізделген ӛзінің ұғымдық аппараты бар.
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуында үш негізгі іргелі категория анықталады: білім беру, оқыту, тәрбие.