Тҧлғалық тҧрғыдан келу педагогикада тұтастықтан шығады. Ол тұлғаның әлеуметтік әрекеті және шығармашылық мәні туралы кӛзқарасты бекітеді. Тұлғаны қоғамдық тарихи дамудың жемісі және мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде мойындауды кӛздейді.
Бірлескен әрекет пен қарым-қатынас процесінде, адамдар әлемі мен мәдениет жемістерімен ынтымақтастық процесінде ӛзіндік менін тапқан тұлғаның әлеуметтік-әрекеттік мәні туралы кӛзқарас қалыптасады. Ол тұлғаның қоғамда ӛмір сүруі барысында туындайтын адамгершілік таңдау дың әртүлі проблемалық, даужанжалдық жағдайында әрекет пен іс-қимылды реттейтін тұлғалық мағынасы мен мағыналық негізіне кӛңіл аударады. (А.Н.Леонтьев).
Тұлғалық тұрғыдан келу тұлғалық мағыналардың қалыптасуына бағдарлауды жоққа шығармайды. Дегенмен, бұл жағдайда дүние адам алдында тұрған, оған жету үшін ол әрекет ететін, күресетін және ӛмір сүретін мотивтер түрінде кӛрініс табады. Адамның тұлғалық мағынасында дүниенің мәні ашылады, ӛмірлік ӛзін-ӛзі анықтаудың бағдары туындайды, олар тұлғаның бағыттылығын анықтайды және тұлғаның құрылымдық маңызды бӛлігі ретінде барлық жағынан кӛңіл бӛлінеді.
Тұлғалық тұрғыдан келу педагогикалық процесті құрылымдау мен жүзеге асыруда тұлғаға мақсат, субъект, нәтиже және оның тиімділігінің басты кӛрсеткіші ретінде кӛңіл аударады. Ол адамның бірегейлігін, оның интеллектуалдық және адамгершілік еркіндігін, сыйлауға құқығын мойындауды қатаң талап етеді. Ол тәрбиеде тұлғаның нышандарын ӛзіндік дамуы мен шығармашылық потенциялының табиғи процесіне сүйенуді кӛздейді, оған сәйкес жағдай туғызуды айтады.
Әдіснаманың материалистік диалектикасы тұрғысындағы жоғары, философиялық деңгейінде іс-әрекет тҧлғаның дамуының негізі, құралы және шешуші шарты екендігі айқындалған. Бұл - педагогикалық зерттеуде және практикада тұлғалықпен тығыз байланыста әрекеттік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың қажеттілігін кӛрсетеді.. Әрекет - қоршаған шындықты адамдардың ӛзгеріске келтіруі. Мұндай ӛзгертудің бастапқы формасы еңбек болып саналады. Адамның материалдық және рухани әрекетінің барлық түрі еңбектен ӛндіріледі. Оның басты ерекшелігі - қоршаған әлемді шығармашылықпен түрлендіруі. Табиғатты ӛзгерте отырып адам ӛзін де ӛзгертеді, ол ӛз дамуының субъектісі ретінде кӛрінеді.
Адамзат болмысының маңызды жағы- деп кӛрсетті, Б.Ф.Ломов, оның заттық әрекеті мен қарым-қатынасы (субъект-объектілік және субъекті-субъектілік қатынас). Заттық әрекет әр уақытта белгілі бір материалдық және рухани ӛнімді шығармашылықпен жасауға бағытталан.
Әрекеттік тҧрғыдан келудің мәнін А.Н.Леонтьев ӛз еңбектерінде дәлелді түрде кӛрсеткен. «Адамзаттық мәдениет жетістіктерін иелену үшін –деп жазды ол-әрбір жаңа ұрпақ, осы жетістіктердің артындағы тұрған бара-бар әрекетті жүзеге асыруы керек. Сондықтан тәрбиеленушілерді ӛзбетіндік ӛмірге және әржақты әрекетке даярлау үшін, оларды мүмкіндігінше осы әрекеттерге тарту керек, яғни әлеуметтік және адамгершілік жағынан толыққанды ӛмірлік әрекеттерді ұйымдастыру қажет».
Кез-келген әрекеттің ӛзінің психологиялық құрылымы: мотиві, мақсаты, қиялылы, шарттары мен құралдары, нәтижесі болады. Егер, педагог әрекеттік тұрғыдан келуді жүзеге асырғысы келіп, оқушы әрекетін ұйымдастыруда қандай да бір құрылымдық сәттерді шет қалдырса, онда ол (оқушы) бұл жағдайда әрекет субъектісі бола алмайды, немесе оны жекелеген іс-қимыл кезінде ғана орындайды
Оқушы білім мазмұнын ішкі қажеттілік болғанда және оны меңгеруге деген белсенді-жағымды мотивация болған жағдайда ғана меңгереді.
Әрекетте тұлғаның қалыптасатындығын және ӛзін кӛрсетете алатындығын мойындаумен қатар, оның ӛз әрекетін қалыптастыру бойынша арнайы жұмысын талап етеді. Бұл ӛз кезегінде оқытудағы әрекетті мақсатты бағыттау және жоспарлауды, оны ұйымдастыру, реттеу, бақылау, әрекет нәтижесін ӛзіндік талдау және бағалауды талап етеді.
Диалогтық тҧрғыдан келу адамның мәні оның әрекетіне қарағанда бай, әр жақты және күрделірек екендігінен шығады. Ол оны жоққа шығармайды, және оған теңестіріле шығармайды, және оған теңестіріле алмайды. Осымен байланысты тұлғанының шағын қоршауына кӛңіл бӛле отырып, білімдік процесс субъектілері арасындағы қарым-қатынасқа рухани дамудың маңызды кӛзі ретінде қарау керек. Міне, осы ӛзара әсерлесу кезінде тұлға ӛзінің азаматтық, гуманистік мазмұнына ие бола алады. Осымен байланысты тұлға белгілі мағынада ӛзін қоршаған адамдармен қарым-қатынасының жемісі және нәтижесі яғни, интерсубъектілік білім беру болып табылады.
М. М. Бахтин мен А. А. Ухтомский ғылымның екі түрлі саласында тәуелсіз еңбектене отырып, жеке тұлға диалогтық қарым-қатынастың кӛмегімен ғана қайталанбас құрылым бола алады деген қорытындыға келеді. Сӛйтіп, жеке тұлғаның белсенділігі, қажеттіліктерін жетілдіру жекеленген түрде емес, керісінше басқа адамдармен диалог арқылы қарым-қатынас орнату негізінде жүзеге асып отырады.
Тұлғалақ, іс-әрекеттік, диалогтық тұрғыдан келу – гуманистік педагогика әдіснамасының негізі болып саналады. Оларды қолдану ӛзіндік дамуға, ӛзіндік ашылуға, ӛзіне ӛзі әсер етуге және ӛзара дамуға мүмкіндік береді.
Мәдениеттанымдық тҧрғыдан келу әрекеттің ӛзара байланысты үш қырын: аксиологиялық (құндылықты), технологиялық және тұлғалақ-шығармашылықты құрайды
(И.Ф.Исаев 1993).
Аксиологиялық - педагогикалық процесті жеке тұлғаның құндылық бағдарларын зерттеу мен қалыптастыру бағытында ұйымдстыруды қамтамасыз етеді.
Технологиялық - мәдени тұрғыдан келу мәдениетті адамзатқа тән әрекеттің құралы ретінде түсінумен байланысты. «Мәдениет», «іс-әрекет» ұғымдары ӛзара байланысты алынады. Мәдениетті жеке тұлғаның меңгеруі практикалық әрекет құралдарын меңгеру болып табылады.
Тұлғалық-шығармашылық жағы - индивид пен мәдениеттің объективтік байланысын кӛрсетеді. Индивид - мәдениет иесі.
Мәдениетті меңгеру арқылы адамда ӛзгерістер болады және ол шығармашылық тұлға ретінде қалыптаса бастайды.
Этнопедагогикалық тҧрғыдан келу. Қазіргі кезде ұлттық мәдениеттер мен халықтық педагогиканың тәрбиелік мүмкіндіктерінің арасында және ғылыми негізделген ұсыныстардың болмауына байланысты қарам-қайшылықтар байқалады. Этнопедагогикалық тұрғыдан келу осыны жоюға бағыт алады. Жастардың ұлттық халық дәстүрін, этникалық салтына сүйене отырып әлемдік педагогикалық мәдениетке шығуы- этнопедагогикалық тұрғыдан қарастырудың педагогикалық процесте жүзеге асу шарты болып табылады.
Антропологиялық тұрғыдан қарастырудың алғаш негізін салып, ӛңдеген К.Д.Ушинский. Антропологиялық ыңғай тәрбиенің құралы ретіндегі адам жӛніндегі ғылымдар мәліметін жүйелі қолдану және оларды педагогикалық процесті ұйымдастыруда жүзеге асыруды кӛздейді. Ушинский антропологиялық ғылымдар қатарына: психологияны, адам физиологиясы, анатомиясы, патологиясын, логиканы, философияны, географияны, статистиканы, саяси экономиканы, тарихты жатқызады.
Осы ғылымдарда тәрбие құралы – адамның қасиет-сапалары айқындалатын фактілер мен қатынастар топталып, салыстырылады.
Кез келген педагогикалық заңдылықтар, теория, болжам, ұсыныс, баға даму үстіндегі адам жӛніндегі жүйелі білім негізінде ғана құрылады. (Б.М.Бим-Бад. 1994).
Жоғарыда бӛлініп кӛрсетілген педагогиканың әдіснамалық ыңғай түрлері (принциптер) оның мәселелерін ашып кӛрсетуді, шешу жолдарын анықтауды, сатыларын құруды кӛздеді.
Қҧзыреттілік тҧрғы бүгінгі күнде білім берудің мақсаты мен мазмұнын, нәтижесін айқындауда жетекші парадигмаға айналып отыр. Кӛптеген жылдар бойы білім беру нәтижесі деп білім, іскерлік және дағдының жүйесі саналғаны белгілі. Бұл нәтиже оқу бағдарламаларында белгіленген білім іскерлік, дағдының сатылығын теориялық негіздеу және оны қалыптастырудың, бағалау мен бақылаудың сәйкес әдіснамасын қалыптастырды.
Алайда Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы, оның әлемдік қауымдастыққа кіруі, осы жағдайға жастардың бейімделуі ғалымдарды, мұғалімдерді «БІД» парадигмасын қайта қарауды міндеттейді. Бұл парадигманың орнына білім берудің мазмұны (және сәйкес оқыту технологиясы) мектеп түлегінің тұлғалық дамуы әлеуметке тезірек бейімделуге мүмкіндік беретіндей (бизнес әлемінде орнын таба алатындай, бәсекеге қабілетті, Қазақстан Республикасының азаматы мен патриоты, жетекші адамгершілік этикалық және эстетикалық құндылықтары бар, салауатты ӛмір салтын ұстанатын т.б.), яғни жалпы орта білім беретін мектептің білім беру нәтижесі ықпалдастырылған тұлға ретінде анықтайтын жаңа парадигмасы қалыптасуда.
Мұндай нәтижесі бар парадигма туралы сӛз қозғағанда ғалымдар мұндай мектептің түлегі ықпалдастырылған тұлғаның жетекші құрамдас бӛліктерінен құзыретті болуы керек деген кӛзқарасқа кӛбірек тоқталуда. Осылайша жаңа мемлекеттік білім беру мазмұнын жасақтауда оның негізгі құзыреттіліктерінің нәтижесін сапалы құру қажеттігі туындап отыр. Ғылыми айналымға жаңа дефиниция енгізілгендіктен, оның мәніне терең бойлап, оған теориялық әдіснамалық негіздеме беру қажеттігі туындайды.
Оқыту үрдісінің теориялық әдіснамалық негізін, оның ішінде құзыреттілік тұрғыны айқындау жалпы орта білім берудің мазмұнын жобалау үшін қажеттілігі туындап отыр.
Осылайша білім саласындағы құзыреттілік тұрғы (басқа да қызмет саласындағыдай) мүлдем жаңа тұжырымдама болып саналмайды. Оның негізін білім мазмұнының теориялық әдіснамалық базасын құрайтын әлемдік педагикалық білім қорынан қарастыруды қажет етеді. Сондықтан, білім беру мазмұнынын жобалауда құзыреттілік теорияларының тарихи педагогикалық және қазіргі тұрғысы қарастырылады.