Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде



бет4/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

2. Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде
Педагогиканың нысанына адамның ӛз ӛмiрiнiң белгiлi бiр кезеңiнде кездесетiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi айналуда. Ал, педагогика ғылымының пәнiне еркiн, әлеуметтiк белсендi, шығармашылық тұлғаға бүкiл ӛмiрi бойына бiлiм беру алынуда. Ӛз пәнiн жан-жақты зерттеу және педагогика практикасын тек ӛзiнде тиiмдi ӛзгерту, түзету енгiзу үшiн дәстүрлi қалыптасқан құралдары жеткiлiксiз. Осымен байланысты К.Д.Ушинскийдiң мынадай сӛзiн еске түсiруге болады: «Педагогика үшiн, ол ӛз мақсатына жету үшiн адам денесi және жаны, табиғаты зерттелетiн және де қиялда емес, ақиқат құбылыста зерттелетiн барлық ғылымдардан сүзiп алынған қажеттi бiлiм, құралдар саналады».
Қоғамдық дамудың қазiргi барысы педагогика және бүкiл «адамтанушы» ғылымдардың – философия, әлеуметтану, психология, тарих, физиология, этика, зстетика, биология, медицина, кибернетика, лингвистика және т.б. терең ғылымаралық синтезiнiң қажеттiлiгiн объективтi түрде дәлелдеп отыр. Мұндай түсiнiкте педагогика адамтану мен қоғамтанудың маңызды саласының бiрiне айналуда, кӛптеген қоғамдық және жаратылыс ғылымдарының мәлiметтерiн ӛз пәнiнде синтездеушi адам тәрбиесi жӛнiндегi интегративтi ғылымға айналады.
Бұл педагогика ғылымын жасанды дәрiптеу емес деп санаймыз. Шындығында да педагогика нақты адаммен, дара тұлғамен, топпен, ұжыммен, оны қалыптастыруды мақсат етiп қоя отырып, тiкелей байланысатын бiрден- бiр ғылым. Педагогикалық iс-әрекеттi жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сӛз жоқ бӛтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен құндылығын таңдап алуы керек. Педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда ол бәрiнен бұрын оны барлық жағынан бiлуi керек. Бұл бiлiмдер педагогиканың әдiснамасын жасау, кешендi педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi оқу- тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны, формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу әрекетiнде олардың ӛзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет.
Әрдеңгейлi бiлiм беру жүйелерi, олардың қызметiндегi сабақтастық- бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң белгiсi. Мұндай жүйенi жасауға деген қажеттiлiк бүгiнгi күнi ерекше кӛкейтестi және қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуынан туындап отыр. Рухани, әлеуметтiк, мәдени аймақта даму тенденциясы адамның жеке бiлiмдiк қажеттiлiгiнiң динамикасына байланысты пайда болуда. Ғылым аралық ӛзара байланыс- үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң теориялық дәлелдi тұжырымдамасын жасаудың қажеттi шарты.
Педагогиканың ғылым ретіндегі зерттеу пәні – адам, яғни жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы, тәрбиесі. Сондықтан ғылыми тұрғыда адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде, оның дамуын дұрыс болжауда тұлға дамуының құрылымы мен заңдылықтарын, оның құрылымының жеке бӛлімдерінің ӛмір сүру ерекшелігіне, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортадағы алатын орны және т.б. ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеп меңгеруге мүмкіндік береді. Тұлға бұл сезімнің, әсердің, ішкі күйініш, сүйініштің бойға жинақталған және жан-жақты психикалық құрылым. Ол шындықтағы адамның әлеуметтік негізін сәулелендіруші. Танымның, ерік жігердің жаңа субъектісі, ӛмірдің белсеңді қайта құрушысы деп айта алмыз. Адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде ғылыми танымның, білімнің, ғылыми-зерттеу әдістерінің алатын орны ерекше. Теория мен эмпирика, тарих пен логика, индукция мен дедукция, анализ және синтез ӛзара бірбірімен тығыз байланыста жүре отырып, осы ғылыми теорияның қалыптасуына негіз болады. Осы әдістердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуде абстрактілі пайымдаудан нақты логикалық ойлауға, нәтижеге келеміз.
Ғылымның шыңына қол жеткізу оның негіздерін меңгеруден басталады. Олар оқу пәндерінде жинақталған. Ғылым және оқу пәні бір-бірімен ӛте тығыз байланысты. Ғылым ӛз пәні жайындағы білімді жинақтайды. Оның міндеті – пәнін толық және терең тану, ал басты қызметі – зерттеу. Ал, оқу пәні ғылымның тек негіздерін ғана оқытады. Ол білім оқытудың міндеттерін, жас шамасын және білім алушылардың дайындық деңгейін есепке ала отырып таңдалады. Оқу пәнінің басты қызметі – оқу. Пәннің құрылымын жасауда ғылыми білім тек беріліп қана қоймайды сонымен қатар олар нақтыланады, ұғымдары тереңдетіледі, жүйеленеді. Оқу пәні белгілі бір жүйе ретінде құрылады.
Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін білімді кіріктіреді. Оқу пәнінің құрылуы ұзақ процесс. Оның мазмұнын анықтауда ғалымдар, оқытушылар тарапынан дидактикалық мәселелер бойынша пікірталас жүргізіледі. Соған байланысты ғылымда жаңа мәселелер пайда болып, оның дамуы жүзеге асады. Бұл шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу пәнінің тұрақтануына ықпал етеді. Бастапқыда оқытылатын пәндердің құрылымынан арнайы орта және жоғары мектептерде оқытылатын пәндердің белгілі бір айырмашылықтары бар. Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінің мазмұны ғылым құрылымына жақын, онда ғылымның жаңалықтары, шешілмеген мәселелері де қамтылады.
Әрбір ғылымның нақты-ғылыми әдіснамасы және оның сәйкес қызмет ететін практикасы ӛзіндік салыстырмалы түрде ӛз бетіндік кӛзқарастар немесе принциптер арқылы анықталады.
Ғылым үнемі жаңа фактлермен толықтырылып отырған жағдайда ғана дами алады. Ал оның жинақталуы мен интерпретациясы үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет болады. Зерттеу әдістері ғылымтануда әдіснама деп аталатын теориялық принциптердің жиынтығына тәуелді болып келеді.
Зерттеушілер кӛбінесе «әдіснама» ұғымын нақты ӛмірден және білімдік процестен мүлдем алыс жатқан абстрактылық ұғым деп санайды. Шын мәнінде «әдіснама дегеніміз – теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру және құрудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі».
Әдіснаманың «ғылыми танымның және дүниені қайта ӛзгертудің әдісі туралы ілім» деген анықтамасы да бар. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде әдіснаманы алдымен ғылыми таным әдіснамасы, яғни ғылыми-танымдық іс-әрекетті құрудың принциптері, формалары мен тәсілдері туралы ілім ретінде беріледі. Ғылым әдіснамасы ғылыми зерттеудің компоненттеріне, оның объектісі, талдау пәні, зерттеу міндеттері, оны шешуге қажетті зерттеу құралдарының жиынтығына сипаттама береді, сонымен қатар зерттеушілік міндеттерді шешу процесіндегі зерттеуші іс-әрекетінің бірізділігі жӛніндегі кӛзқарасын қалыптастырады.
Әдіснаманың қазіргі әдебиеттерде беріліп жүрген басқа да анықтамалары. Бұл түсініктің келесі қырларына сүйенетіндігін кӛруге болады, яғни айтқанда әдіснама дегеніміз:
а) үнемі ӛзгеріп отыратын педагогикалық шындықты кӛрсететін ғылыми білімдерді алу тәсілдерін анықтайды.
ә) белгілі бір ғылыми-зерттеудегі мақсатқа қол жеткізу негізгі жолдарын бағыттайды, алдын-ала анықтайды.
б) зерттелетін процесс немесе құбылыс туралы ақпаратты алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді.
в) педагогика теориясы қорына жаңа ақпаратты ендіруге кӛмектеседі.
г) ғылымдағы теминдер мен ұғымдарды айқындауға, байытуды, жүйелерді қамтамасыз етеді.
д) ғылыми танымдық объективті фактілер мен логикалықаналитикалық құрадарына сүйенетін ғылыми ақпараттар жүйесін жасайды.
«Әдіснама» ұғымының ғылымдағы қызметін анықтайтын бұл белгілері келесі қорытындыны жасауға мүмкіндік береді: педагогиканың әдіснамасы – зерттеудің мақсатын, мазмұнын, әдістерін тұжырымдамалық мазмұндауды, педагогикалық процестер мен құбылыстар жӛнінде барынша объективті, дәл, жүйеленген ақпараттар алуды қамтамасыз етеді.
Әдіснаманың бұл анықтамалары бір-біріне қарама-қайшы келмейді. Олар әдіснамалық рефлексия аймағының бірқалыпты даму процесін кӛрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды, педагогика ғылымының әдіснамасын педагогикалық таным мен шындықты түрлендіру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Әдіснама негізінен, реттеушілік, нормативтік қызмет атқарады. Оның міндеті де осында. Бірақ әдіснамалық білімдер дескриптивтік (сипаттамалық), немесе прескрептивтік (нормативтік) формада, яғни, алдын ала жазу, әрекетке тікелей нұсқау түрінде де берілуі мүмкін.
Дескриптивтік әдіснама ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары туралы ілім ретінде зерттеу процесінде бағдар ретінде қызмет атқарады, ал прескрептивтік әрекетті реттеуге бағытталады. Нормативтік әдіснамалық талдауда ғылыми әрекетті жүзеге асырудағы жағымды ұсыныстар мен ережелерді жасаумен байланысты құрылымдық міндеттер басымырақ болады. Дескриптивтік талдау ғылыми танымның бұған дейін жүзеге асырылған процестерді сипаттаумен байланысты болады.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымында: философиялық, жалпығылыми, нақты-ғылыми және технологиялық деп тӛрт деңгейді бӛліп кӛрсетеді. Әдіснаманың жоғары, философиялық деңгейінің мазмұнын танымның жалпы принциптері мен ғылымның тұтастай категориялдық құрылымы құрайды. Философиялық білімдердің бүкіл жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады.
Екінші деңгей – жалпы ғылыми деңгей – ғылыми пәндерге қолданылатын теориялық тұжырымдамалардан тұрады.
Үшінші деңгейі – нақты ғылыми әдіснама, ғылыми білімге кіретін эмпирикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін ісшаралар, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды.
Әдіснама ең алдымен ғылыми танымның әдіснамасы, яғни ғылыми танымдық іс-әрекеттің формалары мен тәсілдері, құрылымы жайындағы ілім. Ғылымның әдіснамасы ғылыми зерттеудің компоненттеріне (объектісі, талдау пәні, міндеті, құралдар жиынтығы) сипаттама береді. Осылайша, ғылымның әдіснамасы – таным және ондағы ӛзгерістердің теориялық жиынтығы.
Әдіснамалық білімнің 4 құрылымдық деңгейі бар. Олар:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет