философиялық деңгейде танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның категориялары қарастырылады;
жалпығылыми деңгейде теориялық тұжырымдамалар жинақталады;
нақтығылыми деңгейде арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы белгіленген;
технологиялық деңгейде зерттеудің әдістемесі мен техникасы сипатталады. Ол басқа деңгейлер арқылы анықталады: педагогикалық зерттеу және оның ұйымдастырылуы сол деңгейлерге бағынышты.
Осылайша, әдіснама – теориялық және пратикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың ұстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы. Сонымен қатар, ғылымның әдіснамалық негізі – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық идеялардың жиынтығы. Бұл идеялар белгілі бір құбылыстың теориясын құруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық білімнің әдіснамасы – педагогикалық теорияның негіздемесі, құрылымы, бастапқы қағидалары, білімді ашулар мен принциптері жайындағы білім жүйесі. Олар педагогикалық ақиқаттың, ӛзгерістерінің шынайы кӛрсеткіші.
Педагогикалық әдіснамаға тӛмендегілер енеді: Педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі жайындағы ілім;
Бастапқы, іргелі жалпығылыми және педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар);
Педагогикалық зерттеудің әдістері жайындағы ілім.
Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды. Педагогика әдіснамасының объектісі - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану, ал пәні – жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары. Педагогикадағы әдіснамалық тұрғы оқыту-тәрбие әрекеті практикасын ӛзгертудің тиімді жолдарын іздеу және қалыптастыру үшін қажет. Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.
Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.
Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.
Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).
Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.
Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім.
Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінде студенттерді ғылыми ізденіске баулу мақсатында ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері беріледі.
Педагог бірде-бір күрделі сұраққа нақты әдіснамалық негізсіз шешім таппайтынын үнемі есінде сақтағаны дұрыс. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі – оның әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы. Оның негізгі белгілері мыналар:
педагогика және философия ғылымдарының негізгі
ұғымдарының мәнін түсінуі;
білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға кӛшу деңгейі ретінде ұғынуы;
педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне ӛзгерте білуі және т.б.
Әдіснаманы меңгере отырып зерттеуші оның принциптерін саралай бастайды. Жеке ғылыми әдіснама деңгейінде білім беру мен әлеуметтік саясаттың бірлігінің принциптерін меңгеру маңызды болып табылады.
Педагогтың кәсіби дайындығының негізгі кӛрсеткіші – бұл әдіснамалық мәдениетінің болуы. Оның негізгі белгілері:
педагогика ғылымындағы негізгі түсініктер мен философияның негізгі категорияларына қатысты мәселелерді түсіну;
абстрактылыдан нақтылыққа ӛту деңгейлері ретіндегі білім берудің түсініктерін меңгеру.
таным әрекетіне педагогикалық теорияның құрылу ұстанымы
педагог ойының педагогикалық формалар мен олардың тұтастық құрушы сапаларының генезисіне бағытталуы.
педагогиканың түсініктеме – терминологиялық жүйесінде білім беру тәжірибесін қайта құру қажеттілігі.
педагогикалық білімнің ӛз тарихи дамуында бірлігін кӛрсетуге деген ұмтылыс.
педагогикалық сананың шындығы мен жағдайдарына сыни қатынас.
педагогикалық процестің басқа да қатысушыларының ойпікірлері мен педагогикалық жеке танымдық әрекетінің жүрісі, алғышарты, қорытындыларына байланысты рефлексия.
адамзаттың білімі саласында ғылымға қарсы кӛзқарастардың жалған екеніне дәлелдер.
Педагогикалық процестің ережелері мен принциптері, мақсаттары, заңдылықтарының ӛзара байланысын болашақ педагогтың түсінуі дегеніміз әдіснамалық мәдениетті меңгеруі деген сӛз.
Болашақ педагогтың әдіснамалық мәдениетті меңгеруі педагогикалық процестердің құрылымы мен таным әдіснамасының мәнін түсінуге сүйенеді. Әдіснамалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған диалектикалық тұрғыдан кӛзқарас тӛмендегі кезеңдерден тұрады: қарсылық кӛрсету жағдайларын саралауға бағытталу; шешімнің ӛнімсіздігін ашу; педагогикалық практика аймағындағы логиканы тасымалдау мүмкіндіктері мен берілген тапсырмаға орай жұмыс тәжірибесін қорытындылау.
Әдіснамалық мәдениет ғылыми-педагогикалық ойлауды қазіргі заманға сай етеді, жаңартады. Сондықтан баланың жоспарланған педагогикалық әсерге қатынасын алдын-ала кӛре алуға мүмкіндік беретін тірек бейнеге мұғалімнің ойлау қабілетін талдауды жүзеге асыру маңызды. Мұнда мұғалімнің эмпатиялық ұстанымдары адамды түсіну қабілетіне назар аударылады.
Педагогикалық бағытталған ойлаудың басты сипаттамаларының бірі – білім алушыларда психологиялық жаңа құрылымдардың қалыптасуын қамтамасыз ететін әрекетті модельдеу ұстанымы. Мұндай модельдеу мәнді ӛзгерістерді әрекеттің қарапайым логикасына сәйкес келтіруді және педагогикалық процестің оның талаптарына бағынуын қарастырады. Ойлаудың бұл ӛлшемін меңгеру – педагогтың ерекше педагогикалық логиканы меңгеруге ұмтылдыратын арнайы тапсырмалар мен жаттығуларды ӛңдеуге жетелейді.
Кез-келген педагогикалық зерттеудегі мұндай әдіснамалық негізгі белгілері:
ғылымның даму деңгейін, практиканың сұранысын, әлеуметтік ӛзектілік пен нақты мүмкіндіктерді есепке ала отырып зерттеудің мақсатын анықтау.
зерттеліп отырған барлық процестер мен құбылыстарды сыртқы және ішкі тәуелділікте дамуы мен ӛздігінен дамуында алып қарау. Мұндай тұрғыдан қарастырғанда тәрбие - ӛздігінен дамитын құбылыс, ол қоғамның, мектептің, отбасыны, баланың психикалық жас ерекшелік қалыптасуымен байланысты; бала - дамымалы жүйе - ӛздігінен тануға және ӛздігінен дамуға қабілетті, сыртқы әсерлер мен ішкі қажеттіліктер және қабілеттеріне сәйкес ӛзін ӛзгертіп; педагог – үнемі ӛзін жетілдіруші маман, әрі қойған мақсаттарына сәйкес ӛз әрекеті мен ӛзіндік кӛзқарасы ӛзгеріп отырады және т.б.
тәрбиелік және білімдік проблемаларды адам туралы барлық ғылымдар тұрғысынан: әлеуметтану, психология, антропология, физиология, генетика және т.б. қарастыру.
Педагогика – қазіргі барлық адамзат білімін және оңтайлы педагогикалық жүйені құру үшін адам туралы барлық ғылыми ақпаратты біріктіретін ғылымға айналып отыр.
Зерттеудегі жүйелік тұрғыдан бағдарлау құрылымдық элементтер мен құбылыстардың ӛзара байланысы, олардың ӛзара бағыттылығы, сатылық қызмет етуі, жүйе дамуының тұтастығы, даму динамикасы, мәні мен ерекшелігі, факторлары мен шарттары деген сӛз.
Оқыту мен тәрбие процесіндегі ұжым мен тұлға дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, ескі мен жаңаның, бала мен ересектің, тәрбие мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің, мақсат қою мен оны жүзеге асырудың, басқару мен ӛзін-ӛзі басқарудың т.б. күресі туралы философиялық ілімнің педагогикалық интеграциясы болып табылады.
теория мен практиканың байланысы, идеялар мен оны жүзеге асыру, педагогтарды жаңа ғылыми тұжырымдамаларға, жаңа педагогикалық ойларға бағдарлай отырып, әрі ескірген, ӛзінің күшін жойған педагогикалық теріс кӛзқарастардан алшақтау.
Зерттеудің әдіснамасы жоғарыдағы кӛрсетілген белгілерге жауап беретін және зерттеу стратегиясын айқындайтын, зерттеуді жүргізуге мүмкіндік беретін шарттар жиынтығын анықтайды:
Педагогикадағы негізгі әдіснамалық басқа ғылымдармен пәндераралық байланысты пайдалану. Қазіргі кезде ең кӛп таралған қолданыста жүрген ұғымдарды білу олардың мағынасын түсіну үшін соңғы психологиялық және педагогикалық журналдарды қарап шығу пайдалы. Мысалы: соңғы кезде әдебеттерде кездесетін «креативтік»
(шығармашыл), толеранттық т.б.
Педагогикадағы ғылыми зерттеу процесі мен құрылымын философия, әлеуметтану, психология және т.б. ақрылы жетілдіру. Педагогикалық проблематиканың кӛзі үнемі педагогикалық практика аймағы арқылы кеңейіп отырады. Ғылым дамуының логикасынан кӛптеген зерттеулердің тақырыбы шығады. Бірақ кӛптеген тақырыптар мен проблемалар әлеуметтанудан, психологиядан, физиологиядан алынған. Мысалы: қабілеттілік, танымдық қызығушылық, белсенділіктің кӛптеген түрлері, мектепті басқару теориясы және т.б. зерттеуде ӛзі шығармашылық ізденіс сипатын алады, мысалы педагогикалық зерттеудегі болжамның кӛптүрлілігі, болжамды әртүрлі зерттеулерде сыннан ӛткізу оларды тексерудегі бірнеше нұсқадағы эксперимент. Мектептегі жұмыстың мүмкін болатын нұсқаларын сыннан ӛткізу негізінде оқу-тәрбие үрдісін ыңғайлы ұйымдастыру және т.б. Зерттеудің нысанасы, мәні, мақсаты мен міндеттеріне қойылатын нормативтік талаптар анық берілуі керек. Қазіргі кезде нақты материалды математикалық ӛңдеу әдісі кеңінен қолданылады.
Педагогикалық ғылым мен практиканың ӛзара әсері қазіргі педагогикада ерекше мәнге ие болуда, ӛткені тӛмендегі келеңсіздіктер орын алуда:
- ғылым логикасы мен мұғалімдердің практикалық әрекетінің логикасы кӛбіне сәйкес келе бермейді, сондықтан педагогика теориясымен айналысушылар және практиктер арасында түсініспеушілік пайда болады.
Сонымен, ғылымның әдіснамасы және оның сәйкес қызмет ететін практикасы ӛзіндік салыстырмалы түрде ӛз бетіндік кӛзқарастар немесе принциптер арқылы анықталады.
Педагогикада олар – жүйелілік, біртұтастық, тұлғалық, әрекеттік, мәдениеттанымдық, этнопедагогикалық, антрапологиялық кӛзқарастар, әрі оның әдіснамалық принциптері болып саналады.
Жалпы-ғылымилық әдіснама қоршаған шындықтың құбылыстары мен процестерінің жалпыға ортақ ӛзара байланысы мен ӛзара тәуелділігін кӛрсететін жүйелік тұрғыдан келу сипатында берілуі мүмкін. Ол зерттеушіні ӛмірдің құбылыстарына белгілі бір құрылымы мен ӛзіндік қызмет ету заңдары бар жҥйе ретінде қарауға бағыттайды. Жҥйелік тҧрғыдан келу қазіргі кезде қызметтік, аналитикалық кӛзқарастардың орнын басты.
Жүйелік тұрғыдан қарастырудың мәні мынада, яғни салыстырмалы жеке компоненттер бӛлек-бӛлек емес, олардың ӛзара байланысында, дамуы мен қозғалысында қарастырылады.
Жүйелік тұрғыдан келу жүйені құраушы элементтерде болмайтын интегративті жүйелік қасиеттер мен сапаларды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік тұрғыдан келудің пәндік, қызметтік және теориялық қырлары зерттеудің тарихилық, нақтылық, жан-жақты байланыстар мен дамуды есепке алу сияқты принциптерін бірлікте жүзеге асыруды талап етеді. Жүйелік тұрғыдан келу зерттелетін процестерді жүйе ретінде қарастыра отырып құрылымдық және функциональдық модельдерді құруды ойластырады, олардың қызметі мен заңдылықтары, тиімді ұйымдастыру принциптері туралы білімдерді алуға мүмкіндік береді.
Жүйелік тұрғыдан келуде эвристикалық және практикалық түрлендіру мүмкіндіктері білім беруді зерттеуде педагогикалық процесті «педагогикалық жүйе», «тұтастық» және «ӛзара әсер» категорияларына жүгінуге тура келеді. Педагогикалық жүйе құрылымдық, қызметтік талдау деңгейінде ӛзара байланысты компоненттер жиынтығы ретінде: педагогикалық процесс субъектілері, білім мазмұны (жалпы, базалық және кәсіби мәдениет) және материалдық база (құрал-жабдық) қарастырылуы мүмкін. Олардың мақсатқа бағытталған органикалық ӛзара байланысты қозғалысы педагогикалық процесті динамикалық жүйе ретінде кӛрсете алады. Мақсат-педагогикалық жүйе пайда болуының жетекші факторы.
Жүйелік тұрғыдан келу педагогикалық, теория, эксперимент және практиканың бірлігі принципін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл принциптің дұрыс берілуі мен дамуы практика мен ғылым арасында белгілі бір қайталанбалы байланыстың болатындығын түсінуге мүмкіндік жасайды. Педагогикалық практика ғылыми білімдер, теориядан шығатын ережелердің дұрыстығының кӛрсеткіші болып табылады және шінара экспериментте тексеріледі. Практика білім берудің жаңа іргелік мәселелерінің кӛзіне айналады. Теория ӛз кезегінде дұрыс практикалық шешімдерге негіз болады, бірақ ауқымды проблемалар, міндеттер, білімдік процесте пайда болатын іргелі зерттеулерді талап ететін жаңа мәселелерді тудырады.
Педагогикадағы тұтастық тұрғыдан кӛзқарас, қызметтікке қарама-қарсы пайда болды. Тҧтастық тҧрғыдан келу жүйелікті дамыту сияқты педагогикалық процесті ұйымдастыруда тұлғаның интегративтік (тұтастық) сипаттарына бағдар жасауды талап етеді. Осымен байланысты тұлғаны ӛзіндік құрылымы, қызметі және ішкі құрылымы бар күрделі психикалық жүйе ретінде түсіну қажет.
Тұлғаның интегративті, тұтастық қасиетін бӛліп кӛрсету проблемасы психологияда ӛзінің бір жақты шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен зерттеушілер тұлғаның барлық қырлары ӛзара тығыз байланысты, бір-бірімен ӛзара әсерлеседі, бірақ оның басым әсері бәрі бір де оның әлеуметтік жағы-дүниетанымы мен қажеттілігі, қызығуы, идеясы, ұмтылысы, тұлғалық моральдық және эстетикалық сапаларын кӛрсететін бағыттары болып табылады. Тұлғаның маңызды ӛлшемдік сапалық қасиеті болып оның бағыттылығы, яғни тұлғаның рухани ӛзегі ретінде саналады.
Сонымен, тҧтастық тҧрғыдан келу педагоикалық жүйеде және дамитын тұлғаны, алдымен интегративтік тұрақты жүйе құраушы байланыстары мен қатынастарын анықтауға бағдарлайды; жүйеде не берік (тұрақты), ал не ӛзгермелі, не басты, не қосалқы екендігін зерттеуге және қалыптастыруға бағдарлау. Ол тұлғаны жүйелік тұтастық ретінде дамытудағы жекеленген компоненттерпроцестердің қосатын үлесін айқындауды қарастырады. Бұл жағдайда ол тұлғалық тұрғыда келумен ӛте тығыз байланысты.