Педагогиканың оқыту пәні ретінде дамуы. 1922-1925 жж. П. П. Блонский, А. П. Пинкевич, М. С. Григорьевский, В. Я. Струминский, М. Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың кітаптары жарыққа шығады.Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі сол кезеңде ана тілінде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болып табылады.
1927-1930 жж. ӛткізілген педагогикалық пікірталастар педагогиканың дамуына ӛз үлесін қосты.
1931 ж. ең алғаш педагогикадан бағдарлама жасалады. Бағдарлама, оқулықтардың авторлары негізінен орта және жоғары мектеп оқытушылары жасайды.
1933 ж. педагогикалық техникум және педагогикалық жоғарғы оқу орнына арналған бағдарлама енгізіледі. Бағдарлама мынадай негізгі бӛлімдерден тұрады: 1) Совет педагогикасының мәні, маңызы және мақсаты; 2) халыққа білім беру жүйесі; 3) оқу жоспары және бағдарламалар; 4) политехникалық мектептегі оқыту әдістері; 5) мектептегі білім беру жұмысын ұйымдастыру формалары; 6) оқулықтар; 7) пән; 8) мектептен тыс жұмыс; 9) педагог; 10) мектептің ұйымдастырушылық педагогикалық мәселелері.
Осы кезеңде оқулықтың теориясы қалыптаса бастайды. 70-ші жылдың басында еліміздің педагогикалық жоғарғы оқу орындарында психологиялық-педагогикалық пәндер және педагогикалық практика жүйесінің жаңа түрі енгізіледі. Бұл педагогика курсы үш тарауға бӛлінді: педагогикаға кіріспе, дидактика, тәрбие теориясы.
Ғалымдардың педагогикаға деген кӛзқарастарын үш түрлі тұжырымдамаларға бӛліп қарастыруға болады:
Бірінші бағыттың ӛкілдері - педагогиканы адамзат білімінің пәнаралық пәні деп қарастырады. Бұл бағыт бойынша педагогиканы жеке ғылым саласы екенін жоққа шығарады.
Екінші бағыт ӛкілдері педагогиканы қолданбалы ғылым деп анықтап, ол басқа ғылым салаларынан жинақталған білімдерді білім беру мен тәрбие саласында туындаған қиыншылықтарды шешуге ӛзіне бейімдеп қолданады деп кӛрсетеді. Педагогикаға бұл тұжырымдама тұрғысынан қарау педагогикалық тәжірибенің қызмет етуі мен оны қайта қарауда біртұтас іргелі негіздерді қамтамасыз ете алмайды.
Үшінші бағыт тұжырымдамасының ӛкілі ғалым В.В.Краевскийдің кӛзқарасына сәйкес педагогика жеке ғылым саласы, оның жеке зерттеу объектісі мен пәні бар деп қарау дұрыс.
Педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері. Педагогиканың негізгі қарастыратын мәселесі жеке адамның дамуы, оның арасында болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде оқыту процесі мен тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни арнайы ұйымдастырылған процесс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.
Педагогика – индивидтің ӛткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесін, яғни біртұтас педагогикалық процесті зерделейді. И.В.Сластениннің анықтауынша педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-тәрбиелеу мекемелері) мақсатты түрде ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процестегі білім беру ісі болып табылады.
Педагогиканың нысаны – объективті шындықтағы
педагогикалық іс-әрекет. Зерттеушілер педагогиканың нысанын индивидтің дамуына жағдай жасайтын объективті құбылыстағы шынайылық ретінде қарастырады.
Педагогика – адамды педагогикалық процесте ӛмір бойы дамытудың құралы және факторы ретінде қарастырыады. Оның мәнін, заңдылықтарын, ағымдарын, даму бағыттарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Педагогика бұл тұрғыдан педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын, педагогтың іс-әректін жетілдіру формалары мен әдістерін және оқушылардың әр түрлі іс-әректтері мен оларды ұйымдастыру тәсілдерін зерттейді.