Тақырыптың ӛзектілігі, оның отандық және шетелдік ғылымның дамуына сәйкестігі.
Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді және мерзімдік басылымдарды зерттеу және талдау.
Зерттеу мәселесінің тарихын, педагогдердің озат тәжірибесін және ӛзінің жеке тәжірибесін есепке ала отырып, оның практикалық жағдайын зерттеу және талдау.
Ӛз бетімен зерттеуді жүргізу: зерттеудің пәнін, мақсатын, әдістерін анық сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау.
Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қорытындылау, қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды негіздеу.
Безендіру мәдениеті (стандарт талаптарына сәйкестігі).
Курстық жұмыстың кӛлемі – компьютерде терілген 40-50 беттей болады.
Курстық жҧмысты орындау қисыны. кезең – зерттеуге дайындық.
1.1. Зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін анқытау:
зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді зерттеу негізінде тақырыпты алдын-ала таңдау; зерттеудің объектісін анықтау; зерттеудің пәнін анықтау.
1.2. Зерттеуді ұйымдастыру және ӛткізуге дайындық:
зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық тәжірибені талдау және «Әдістемелік әдебиеттерге және педагогикалық тәжірибеге шолу» атты мәтін даярлау;
тәжірибе жұмысын ӛткізу үшін таңдалған әдістер мен тәсілдерід қолдану мүмкіндігі мен диагностикалық әдістемелерді нақтылау мақсатында тәрбиеші, педагог, білім алушылардан кеңес алу.
2.2. Тәжірибе жұмысын ӛткізу:
анықтаушы экспериментті ӛткізу;
анықтаушы эксперименттің нәтижесін талдау негізінде гипотезаны тексеруге және тәжірибе жұмысының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған білім алушылармен жұмыс жүйесін (сабақтар, тәрбиелік шаралар, жеке жұмыс және т.б.) ӛткізу;
қалыптастырушы эксперименттің ӛтуін талдау, гипотезаны және тәжірибе жұмысын нақтылау, мүмкін болатын жағымды және жағымсыз нәтижелерін анықтау арқылы тәжірибе жұмысын бейнелеу, оның тиімділігінің психологиялықпедагогикалық шарттарын анықтау және жағымсыз құбылыстарды жою;
жасалған қорытындылар негізінде ғылыми гипотезаны негіздеу, зерттеу міндеттерінің орындалуын тексеру, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін психологиялықпедагогикалық шарттарын анықтау мақсатында қалыптастырушы экспериментті қайта ӛткізу;
қорытынды бақылау эксперименті, талдау, қорытындылар, ұсыныстар.