Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет72/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

8. Кредиттік оқыту жҥйесі
Қазақстанның жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асыру үдерістерінен тұрады. Мұның барлығы ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің «мӛлдірлігін» және оның дамыған елдердің жүйесімен бірігуін қамту, студенттердің және профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильдігіне жету мақсатында реформалау мен модернизацияны талап етеді. Осыған сәйкес 2003 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясын ендіру басталды.
Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанның жоғары оқу орындарында ендіру үдерісі шетелдік тәжірибені зерттеу, салыстыра талдау және жинақтау арқылы, білім сапасын тӛмендетпей, ұлттық менталитетті ескере және қолда бар жасалғандарды тиімді қолдана отырып білім беру жүйесіне түбегейлі ӛзгерістер енгізуді талап етті. Осыған орай, білім берудің парадигмалары ӛзгерді.
Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу - қалай оқығаныңа қарай», «ӛзін-ӛзі дамыту», «ӛмір бойына оқу» болып ӛзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге ӛздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын кӛрсете отырып, студенттің ӛз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесі дараландыру, білім беру траекториясын таңдау, оқу үрдісін реттеу шеңберінде және білім кӛлемін кредит түрінде екенін ескеру негізінде ӛзіндік білімді құрау және шығармашылық білімді игеруге бағытталған білім беру жүйесі.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында кредиттік жүйенің ендірілуі әлемдік білім беру саласындағы беталыстарды ескеруді қажет етеді. Алғаш рет «кредит-сағат» термині Гарвард университетінің ректоры По мырзамен 1867 жылы ӛтілген материалдың кӛлемін фиксациялауға енгізіліп, ал ХХ ғасырдың 80 жылдарынан еуропалық елдерде бір ЖОО-нан екіншісіне білім алушының ауысуы кезінде сынақ бірліктерін белгілеу мен салыстыруға қолданды. Одан кейінгі кредиттік жүйенің дамуы әлемдегі жетекші елдердің министрлерінің Сарбон мен Балон декларациясын үлкен масштабтағы студенттер мобильдігін қолдау құралы ретінде қабылдауымен жүзеге асты.
Кредит (сredit, credit-hour) - латын тілінен аударғанда «сену», «сенім» дегенді білдіреді. Кредиттік технологияда оқыту жүйесіндегі кредит -тындаушының, оқытушының оқу жұмысы кӛлемінің ӛлшем бірлігі. Бұл кредит академиялық кезең ағымындағы тыңдаушының апталық аудиториялық жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциялық, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтың академиялық сағаты міндетті түрде студенттің ӛзіндік жұмысының (СӚЖ) 2 байланыс сағатымен (100 минут) толықтырылады
Кредиттік оқыту жүйесі дегеніміз - жеке оқу жоспарын студенттің тікелей араласуымен, жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін таңдауына, әр студенттің және оқытушының кредит бойынша еңбек шығынын есептеуге негізделген білім беру жүйесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары базалық білім стандартында «кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттердің оқытушының басшылығымен жүргізетін ӛз бетінше жұмысы - аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізетін оқытудың түрі», - деп атап кӛрсетілген.
Кредиттік оқыту жүйесі бірізді емес оқыту жүйесіне жатады. Бірізді емес оқыту жүйесіне - оқу үрдісін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі кіреді. Ал, бірізді оқыту жүйесі деп (линейная система обучения) - оқытудың логикасына сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы пәндерді жүйелі түрде берілген сағаттық кӛлем негізінде белгілі уақытта оқытуды айтады.
Кредиттік оқыту жҥйесінің дәстҥрлі «сызықты» оқыту жҥйесіне қарағанда ерекшеліктері:
-дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде білім алушының шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық әрекет пен ӛздігінен танып-білуді және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;

  • студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;

  • білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы кӛп еркіндігі, әр студенттің ӛз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей ӛзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және таңдау курстарының кӛптігі;

  • пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда студенттерге кӛмектесетін академиялық кеңесшілердің енуі;

  • «студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-субъект» болып ӛзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық қана рӛл атқаруы;

-оқу үдерісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үдерісін қажетті әдістемелік (баспа және электронды) материалдармен қамтамасыз ету қажеттігі;

  • әр студенттің эдвайзер кӛмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;

  • студенттің ӛзіндік жұмысының (СӚЖ) үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүретін СӚЖ және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің ӛзіндік жұмысы (ОБСӚЖ) болып бӛлінуі;

  • игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;

  • оқу мотивациясының артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, алған білімді басқа елдегі оқу орнының академиялық мойындау кепілдігі;

  • оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;

  • білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі бағалаудан ӛзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару механизмінің болуы, бағалаудағы ерекшеліктер.

Оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет