Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет48/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

«Миға шабуыл» әдісі оқыту әдісі ретінде әлі де ЖОО-ң пратикасында қолданылып үлгерген жоқ. Бұл әдіс басқару жүйесінде, сонымен қатар ғылыми зерттеулер аймағында дамыды. Ол әсіресе, экономикалық басқару әрекеті менеджментте кеңінен қолданылады.
Миға шабуылдың алтын ережесі – қатысушылардың айтқан пікіріне күмән келтірмеу, сынамау, пікірлердің толық еркіндігі, тіпті әдепсіз болса да. Миға шабуыл бұл дұрыс шешімді іздеу мақсатында ғылыми зерттеуге бағытталады. Мұнда әртүрлі кӛзқарастар пайда болып, соның нәтижесінде белгілі бір шешім қабылданады, яғни белгілі бір мәселені талқылау арқылы қандай да бір жетістікке жетуге ұмтылады. Миға шабуыл әдісі білім алушыларды қандай да бір мәселені шешу қиын екендігін сендіру мақсатында қолданылады. Мысалы, экономикалық мәселе (жалақының шешілуі), педагогикалық мәселе (адамгершілік қазіргі жастардың бостандығы, тәрбиенің мақсатары аралығындағы қарама-қайшылық), әлеуметтану (саяси іс-әрекеттің рентингісін интерпритациялау), психология (психика дамуының заңы және білім беру мен тәрбиелеудің практикасы).
Миға шабуыл әдісі, жасӛспірімдерге жүргізуде ӛте тиімді болып табылады. Негізінен бұл әдіс кӛмегімен білім алушылардың ойӛрісін кеңейтуге, шығармашылық ізденіске ұмтылуына кӛп септігін тигізеді.
Дӛңгелек ҥстел әдісі – әдетте саяси және ғылыми бағытта ұйымдастырылады. Ой-пікірлердің алмасуынан олар белгілі бір қорытындыға келеді, яғни әр түрлі кӛзқарастарға сүйенеді. Әдетте бұл әдіс оқытуда теориялық білімді тереңдету мақсатында жүргізіліп және әртүрлі кәсіби маман ретінде ғылым аспектісі бойынша мәселелер қарастырылады. Мысалы, білім алушыларға психология бойынша «педагогтардың тұлғалық іс-әрекеті», т.б. секілді тақырыпта дӛңгелек үстел әдісін жүргізуге болады. Дӛңгелек үстел әдісінің басқа формалары да бар. Мысалы, студенттік оқу-әдістемелік конференциясы, мұнда жалпыға ортақ тақырып таңдалынып, талқыланады.
Іскерлік ойын әдісі – оқыту үрдісінде әр түрлі бағытта қолданылады. Ол оқытушының басқаруымен, білім алушылардың ӛзіндік ұйымдастырушылығымен, жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатқа бағытталған негізде жүзеге асырылады. Кӛп жағдайларда іскерлік ойындарды басқарушы маман білім алушыларға қолданған тиімді. Мысалы, әскери оқуда оқитын студенттерге командир болу мақсатында жүргізілгенде. Бұл әдістің тиімділігі – білім алушылардың ақыл-ойын дамыту, танымдық белсенділігін қалыптастыру, кәсіби маман болуына шеберлікті дарыту болып саналады. Сонымен қатар білім алушы іскерлік ойында әр түрлі рӛлдерге ене алады: педагог, әдіскер, білім беру департаменті, сараманшы студент, т.б. Ойын алдын-ала сценарий бойынша дайындалып, рӛлдер бӛлініп қояды.
Іскерлік ойын әдісінің оқытуда қолданылуы білім алушыларыің сол ситуациялық жағдайдан шығуына, ӛмірге шын кӛзқараспен қарау арқылы шығармашылық, кәсіби қабілеттерін шыңдай ала алады. Іскерлік ойынды ӛткізудің кезеңдері:

  1. кезең. Педагог тақырыпты таңдауы, мақсат-міндеттерді белгілеп күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, сыныптағы ойынға қатысушылардың рӛлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын ьарысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.

  2. кезең. Соңғы оқу материалын талдау, мәселені шешудің әдістәсілдерін талдау тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық ӛңдеу, сценарийді дайындау, рӛлдерге бӛлу.

  3. кезең. Педагогтің білім алушыларды іскерлік ойынның сценарийімен, мақсатымен, мазмұнымен таныстыруы. Білім алушылардың рӛлдік қызметтерін орындауы, педагогтің білім алушылардың ойын басқаруы, ойын барысының нәтижесін талдау, педагогтің қорытынды жасауы.

Қазіргі білім берудегі ең басты тапсырма – мамандардың әлемді шығармашылық тұрғыда меңгеру әдістемесімен кӛрінуі. Жоғарғы оқу орындарында дайындық маманды шығармашылық қабілетін құруда қажет болады:

  • проблеманы ӛз бетімен кӛру және оны құру;

  • болжамды дайындау;

  • мәліметтерді жинап оны талдау керек, әдістемені ұсынып, ӛңдеу керек,

  • алынған тәжірибиелерді тәжірибиеде қолдануда нәтижесін құруда қабілетті,

  • проблеманы түгелдей кӛру қабілеті, ол ұжымда жұмыста мәселені шешудегі жеке қатысуын анықтау.

Сонымен қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-
тәсілдерінің де ӛзгеріп, жаңарып отыруы заңды үрдіс. Сондықтанда білім беруге инновациялық технологиялардың енуін үздіксіз үрдіс, күнделікті білім беру қызметінің компоненті ретінде қарастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет