Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар



бет49/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

3. Дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар
Колледждегі және ЖОО-дағы дәрістің мақсаты – білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру. «Дәріс» сӛзі латынның «lection» - оқу деген сӛзін білдіреді. Дәріс ең алғаш Ежелгі Грецияда пайда болған, әрі қарай Ежелгі Римде және орта ғасырларда дамытылған. Ресейде оқытудың дәрістік формасын ең алғаш М.В.Ломоносов қолданып, таратқан. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми және техникалық білімнің артуына байланысты дәріс сабақтарын студенттердің ӛзбеттілігін және белсенділігін талптандыратын практикалық сабақтармен толықтыру қажеттілігі арта бастады.
Бүгінгі таңда оқу материалын дәрістік баяндауды қолдаушылармен қатар оған қарсы шыққан адамдар да бар. Олардың дәйектерінде шындық та бар. Не болса да, оларды есте сақатаған дұрыс:

  1. Дәріс бӛтен пікірлерді енжар түрде қабылдауға үйретеді, ӛзіндік сананының дамуына кедергі келтіреді. Дәріс қаншалықты күшті болса, бұл заңдылықтың сақталуы соншалықты нәтижелі болады.

  2. Дәріс ӛз бетімен жұмыстануға талапты жояды.

  3. Оқулықтар мүлдем жоқ немесе аз мӛлшерде болған жағдайда ғана дәріс оқыған дұрыс.

  4. Кейбір студенттер айтылған нәрсені ұғынса, кӛп студенттер – дәріс білім алушының сӛздерін жазып алуға ғана үлгеріп отырады.

Дегенмен, тәжірибе кӛрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер дайындығының ғылымилық деңгейін тӛмендетеді, семестр бойына жұмыстанудың жүйелілігін және бір қалыптылығын бұзады. Сондықтан дәріс осы күнге дейін колледж, ЖОО-да оқу үрдісін ұйымдастырудың басты формасы болып отыр. Жоғарыда аталған кемшіліктерді кӛп орайда дұрыс әдістемемен және оқу материалын ұтымды жеткізумен жоюға болады.
Оқытудың дәрістік формасы мына жағдайларда қажет:

  1. жаңа енгізілген курстар бойынша оқулықтар болмаған жағдайда дәріс ақпараттың негізгі кӛзі болып табылады;

  2. нақты тақырып бойынша берілетін жаңа оқу материалы қолда бар оқулықтарда ашылмаған немесе оның кейбір жақтары ескірген жағдайда;

  3. оқулықтың кейбір тақырыптары ӛз бетімен зерттеуге ӛте күрделі болған жағдайда оқытушының әдістемелік ӛңдеуін қажет еткен кезде;

  4. курстың негізгі проблемалары бойынша екіжақты, қарамқарыс тұжырымдар болған жағдайда. Бұнда дәріс оларға объективті баға беру үшін оқылады;

  5. студенттердің кӛзқарасын қалыптастыру мақсатында дәріс білім алушының оларға жеке эмоционалдық әсер етуі маңызды болған жағдайда. Дәрістің эмоционалдық сипаты ғылыми мазмұнмен біріге отырып, ой мен сӛздің үйлесімділдігн тудырады және тыңдаушылармен жақсы қабылданады.Әсіресе бұл гуманитарлық пәндерді оқытуда ерекше орынға ие. Сонымен қатар жаратылыстану және дәл пәндердің оқытушыларына да эмоционалдық қажет.

Әсіресе, авторлық дәрістер ерекше әсер етеді. Бұл мәселе бойынша К.Тимирязевтің айтуынша, дәрісте ғылыми проблемалардың дұрыс шешімі идеяға берілу, сол идеяны ұстанумен бірігуі керек. Д.И.Менделеевтің дәрістері тап осы қасиеттерге ие болған.
Дәрістің артықшылығы:

  1. дәріс білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен бірге айналысу, эмоционалдық ӛзара әрекеттесу;

  2. дәріс – білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;

  3. дәріс дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.

Сондықтан дәріс жүргізушінің мақсаты – студенттердің белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру. Соңғы кезде кредиттік жүйе бойынша студенттерге оқытушыларды таңдау еркі берілген. Бұл оқытушының дәріс оқу шеберлігін арттыру проблемасын алға қояды.
Кӛп оқытушылардың есептеуінше, дәріс жүргізушінің міндеті – ӛз пәнін жақсы білу және оны анық түрде баяндау. Бірақ «анық түрде баяндау» деген не? Бұл ӛте күрделі педагогикалық проблема – бұл баяндаудың жүйелілігі, кӛрнекілігі, тыңдаушылардың материалды саналы және белсенді түрде меңгеруі, нәтиже ретіндегі түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет