Дәріске қойылатын талаптар Дәріс пен оқытудың адамгершілік сипаты, ғылымилық (қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкестігі) және ақпараттық деңгей, дәлелділік және дәйектілік, ашық, сенімді мысалдардың, фактілердің, негіздемелердің, құжаттардың және ғылыми дәлелдердің жеткілікті мӛлшерде болуы, баяндау формасының эмоционалдығы, тыңдаушылардың ойын белсендендіру, ойтолғаныс үшін сұрақтар қою; қарастырылатын сұрақтардың қатаң құрылымы және қисыны; әдістемелік ӛңделуі – негізгі ойларды және қағидаларды кӛрсету, қорытындылардың астын сызу, қорытындыларды түрлі формулировкада қайталау; қол жетерлік деңгейде және анық баяндау, жаңа терминдерді және атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше аудиовизуальды материалдарды қолдану. Аталған талаптар дәрістің сапасын бағалау критерийлерінің негізін құрайды.
Дәрістің қҧрылымы Дәрістер бір-бірінен құрылымы бойынша ажыратылады. Ол берілетін материалдың мазмұнына және сипатына тәуелді. Бірақ кез-келген дәріс түріне ортақ жалпы құрылымдық негіз бар. Бұл ең алдымен дәрістің жоспарын беру және сол жоспарды қатаң сақтау. Жоспарда дәрістің басты сұрақтарының атаулары беріледі. Олар кейін емтихан сұрақтарын жасақтауда пайдаланылады.
Алдыңғы ӛткен дәрістің мазмұнын еске түсірген пайдалы, оны жаңа материалмен байланыстырып, жалпы курс, пән құрылымында оның орнын және маңызын анықтау қажет.
Тақырыпты ашуда индуктивті әдісті қолдану ұсынылады: ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін мысалдар, фактілер; сонымен бірге дедуктивті әдісті де қолдануға болады: жалпы қағидаларды түсіндіріп, оларды нақты мысалдар негізінде кӛрсету. Талданатын әрбір қағида бойынша қорытынды жасалу керек, оларды интонациямен және қайталаумен айқындаған жӛн. Дәріс соңында жалпы қорытынды жасау керек. Колледж және ЖОО-дағы дәстүрлі дәріс ақпараттық болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар: кіріспе дәріс, шолу-қайталау дәрісі, шолу дәрісі.
Кіріспе дәріс. Ол студенттерді курстың мақсат-міндеттерімен, оның оқу пәндері жүйесіндегі орны және маңызымен таныстырады. Әрі қарай курсқа жалпы шолу жасалады (аталған ғылымының даму кезеңдері, белгілі ғалымдарының есімдері). Бұндай дәрісте ғылыми проблемалар қойылады, болжамдар ұсынылады, ғылымның даму перспективалары және оның практикадағы маңызы белгіленеді. Кіріспе дәрісте теориялық материалды мамандардың болашақ жұмыс практикасымен байланыстырған жӛн. Содан кейін курс бойынша жұмыс жасаудың жалпы әдістемесімен таныстырып, оқулықтар және оқу құралдарына сипаттама береді, міндетті әдебиеттер тізімімен, емтиханда қойылатын талаптармен таныстырады.
Шолу-қайталау дәрісі тараудың немесе курстың соңында оқылады. Онда сол тараудың не курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын барлық теориялық қағидалар қарастырылады. Бұл курстың квинтэссенциясы.
Шолу дәрісі. Бұл қысқаша конспект емес, білімді жоғарырақ деңгейде жүйелеуге бағытталған. Бұнда емтиханның күрделі сұрақтары да қарастырылады.
Дәрісті оыған кезде оқытушы студенттердің конспект жазатындығын естен шығармаған жӛн. Конспект мұқият тыңдауға, жазу барысында жақсы есте сақтауға кӛмектеседі, семинар сабақтарына, емтиханға даярлық барысында негізгі материалдың болуын қамтамасыз етеді. Дәріс білім алушының міндеті – студенттерге ұғына отырып конспект жазуға мүмкіндік беру. Тыңдауға, ұғынуға, ӛңдеуге, қысқаша жазып алуға мүмкіндік беру. Бұл үшін оқытушы студенттерге кӛмектесуі қажет. Бұны аудиторияның реакциясынан кӛріп отыруға болады.
Конспект жазуға қандай қҧралдар кӛмектеседі? Бұл дәріс материалын акцентпен айқындай отырып баяндау, яғни ең маңызды, мәнді ақпаратты дауыс жылдамдығымен, дауыспен, интонациямен, қайталаумен ерекшелеу, үзілістерді пайдалану, тақтаға жазу, иллюстрациялық материалды кӛрсету, сабақтың тәртібін қатаң сақтау.
Студенттерге конспект жазу әдістемесін, жазбаларды дұрыс графикалық орналастыруға және рәсімдеуге үйреткен пайдалы: азат жолдарды белгілеу, негізгі ойлардың, тірек сӛздердің астын сызу, қорытындыларды қоршауға алу, түрлі түсті қалам мен маркерлерді пайдалану.
Дәріс білім алушының ӛнері студенттердің дәріс барысында жұмысын дұрыс ұйымдастыруға кӛмек береді. Дәрістің мазмұны, құрылымының нақтылығы, зейінді шоғырландыру тәсілдерін қолдану – бұның бәрі ақыл-ойды және жұмыс жасау қабілетін белсендендіреді, педагогикалық байланыс орнатуға жол ашады, студенттердің эмоционалдық жауабын күтеді, еңбексүйгіштік дағдыларын тәрбиелейді, пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады.