Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет107/123
Дата03.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#98502
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   123
Перцептивті іскерлік

қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табатын іскерлік.

Педагогика- лық техника

мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады.
Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.



Педагогика- лық мораль

мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау,
қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағида-ережелердің, қалыптың мазммұндық тұжырымның жүйесі, жиынтығы.



Педагогика- лық іс-әрекет

аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.

Педагогика-
лық импровиза- ция

жасау мен қайта жаңғырту уақыты жағынан сәйкескелгенде кездейсоқ жағдаятқа жауап ретінде пайда болатын педагогикалық үдеріс барысындағы әрекет. Егер мұғалім фундаменталды білімдерді меңгерген, реакциясы жылдам, қиялы және интуициясы дамыған, қабылданатын шешімді сол сәтте жүзеге асыра алатын болса, онда импровизация жасау қиын емес.

Педагог

бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм
беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлер.

Педагогтар

құл иеленушінің баласына жауапты құлдардың атауы (грек тілінен аударғанда баланы жетелеп жүруші құлдар дегенді білдіреді) Грек қоғамындағы ауқатты шенеуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.

Рефлексия:

адамның өз-өзіне тоқтатуы, іс-әрекетін талдауы, негізгіні дұрыс ойлауы, іс-әрекетінің дұрыстығын дәлелдеу.



Рефлексия

педагогтың өзін, өзінің психикалык жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет