93
сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді.
Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі.
Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде
жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге
түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде
қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары
бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы)
және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.
Сөз дұрыстығы қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі
тұтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға
тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік
амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды
түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс
деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады.
Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы.
Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті
төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.
В. А. Сухомлинский: ‘’Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал,
оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...”- деп оның маңызына
ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс
ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз
дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: ‘’Мұғалім
балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда
мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны
үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде
ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы
сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты
ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек’’.
«Сөз мәдениеттілігі» немесе «тілдік мәдениет» сөз тіркестері
үш мағынада қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: