Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет32/126
Дата30.09.2023
өлшемі3,31 Mb.
#111935
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126
Байланысты:
httprmebrk.kzbilimassociationjusipova-pedagogikalyk-sheber.pdf 2

Сөз мәдениеттілігі 
- сөз өнеріндегі 
коммуникативтік жетілдіру үшін көрсететін қасиеттері мен 
белгілері; 
Сөз мәдениеттілігі -
адамның сөз мәнерін тіл табысу 
максатында дұрыс колдануын камтамасыз ететін білімділігі мен 
дағдыларының жиынтығы; 
Сөз мәдениеттілігі - 
сөз мәнері және 
оның коммуникативті сапалы жүйесі жөніндегі лингвистикалык 
білімдер жиыны.


94
Сөз мәнерінің коммуникативті сапасы оқушыларға сөз мәде-
ниеттілігі ретінде әсер етсе, біз оның құрылымын коммуни кативті 
әсері жағынан қарастырамыз.
Сөз бен тіл бірге қолданылады, бірақ олар бір емес. Тіл 
- жалпылама қабылданған мазмұны бекітілген сөз мәнері 
тэжірибесінде өңделген тілдік белгілер жүйесі. Сөз - жекелеген 
тұлғалардың тілді накты тәжірибеде колданатын тілдік іс-әрекеті.
Тіл мен сөз мәэнері бір-бірін өзара толықтырып отырады. Егер 
тіл - сөйлесу кұралдарының жүйесі болса, сөз мәнері - осы жүйені 
таратушы. Сөз мәнері тіл ережелері бойынша жүзеге асады. Тілдің 
маңызды қоғамдық функциялары мыналар:
- Күнделікті тіл табысу - сөйлесу стилі;
- Хабарлама-іскерлік және ғылыми стиль;
- Әрекет ету - публицистикалық және көркем-беллетристикалык 
стиль.
Педагогтың сөз мәнері тек оқыту міндеттерін ғана шешпейді. 
В. А. Сухомлинский мұғалімнің педагогикалық шеберлігі сөздің 
тәрбиелік мағынасын аша білу дағдысына тікелей байланыста 
анықталады деп санайды. Педагог кадрларды даярлаудың маңызды 
шарты- барлық сала бойынша студенттерде тілге деген ұқыпты 
карым-қатынасқа тәрбиелеуді қалыптастыру. К. Паустовский былай 
деп жазған: «Әр адамның өз тіліне деген байланысы бойынша 
оның мәдениеттілік деңгейін ғана емес, сонымен бірге азаматтық 
құндылығы жөнінде де пікір айтуға болады. Отанға деген шынайы 
махаббат өз тіліне деген махаббатсыз қалыптаспайды».
Тілде және сөз арқылы әр адамның өз Отанының, өз халқының 
өткен және осы жағымен байланысы анықталады. Сондықтан үнемі 
сөз мәнеріне, ана тілдің тазалығына мәнерлеп сөйлеу мәдениетіне 
көңіл аудару қажет.
2. Сөйлеу әрекетінің мәдениеттілігін анықтайтын сөз 
сапаларының төмендегідей 23 түрін айқындайды. Олар мыналар: 
сөздің дұрыстығы (мінсіздігі), тазалығы, байлығы, дәлдігі, 
қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, 
түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқын-
дылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылы милығы, 
идеялылығы, ықпалдылығы, сендірімділігі, тұтастылығы.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – 
тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегеніміз – айтайын деген ойымызды 


95
еркін жеткізу, сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді − диалектілерді, 
варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз 
қазыналарын тиімді пайдаланып, жатық, анық сөйлеу, әдеби тілде 
сөйлеу.
Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын 
сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, 
сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әрі 
қимыл-қозғалысы арқылы жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы 
көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану әрі оларды 
дұрыс байланыстырумен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын 
көзбен көруінің де ықпалды екенінде.
Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп 
жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды 
жүргізуге болады:
1. Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, 
фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, ана 
тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде 
қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет. 
2. Оқушылардың тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, 
кекеш, тұтықпа, кей дыбыстарды дұрыс айтпау және т.б.) жою 
мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол 
логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс 
жасау қажет. 
3. Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен
қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп
олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.
4. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу-тәрбие
процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі.Өйткені сөйлеу 
мәдениеті– мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу 
мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. 
Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге
тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.
Мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар, бір сөзбен айтқанда 
барша жұртшылық осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, 
өздерінің сөйлеу мәдениетін, әсіресе ана тілінің кәусәрінен мол 
сусындап жетілдіріп отыруды естен шығармаулары тиіс.
Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнеріне шеберлігі, 
стилистикалық ойды нұсқаны тандай білу, ойын анық және айқын 
жеткізе білу дағдысы.


96
Сөйлеу
дегеніміз – тілдің көмегімен қарым- қатынас жасау 
процесі. Тіл – қоғам өмірінің обьективті құбылысы,ол бүкіл халық 
үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел 
қамтиды. Қарым-қатынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін 
ғана пайдаланады. Ұлы жазушылардың тілінің өзінде 10 мыңнан 20 
мыңға дейін ғана сөз болады, ал жалпы тілдің құрамында бірнеше 
жүздеген мың сөз болады.
Адами сөйлеу күрделі, сондықтан да көп құрамдас түсінік. 
Педагог ауызша және жазбаша әдеби тіл нормаларын, яғни екпінді, 
грамматиканы, сөздің қолданылу аясын білуі тиіс. Осы тұрғыдан 
сөз мәнерінің дұрыс не дұрыс еместігін бағалайды.
Педагогтың сөз мәдениеті барлық кез келген адамзат 
баласындағыдай өз Отанына деген махаббатының және жалпы 
мәдениеттілігінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Дауысының 
эстетикалык сұлулығы, байлығы, мазмұны мен бейнелілігі бар 
педагог оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттерін жақсы атқаруға қабілетті 
болады. Даусының күші, сарыны да, сонымен қатар шынайылығы 
мен нақтылығы да біршама рөл атқарады.
Сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылым тілдік сферамен тығыз 
байланыста болады. Бұл мәселелермен әдебиет теориясы, 
психология, педагогика және физиология тәрізді ғылымдар 
айналысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет