Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Шығыс Еуроазияның жоғарғы тас мәдениеттері



Pdf көрінісі
бет18/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
Шығыс Еуроазияның жоғарғы тас мәдениеттері 
Бiздiң заманымыздан 40 –30 мың жыл бұрын адам қоғамындағы жаңа кезең 
жоғарғы тас
дәуiрi басталды. Ол бiздiң заманымызға дейiнгi 12 – 10-мың 
жылдыққа шейiн созылды. Бұл адамның осы күнгi түр-тұрпаты толық 
қалыптасып бiткен уақыты еді. Еңбек құралдарын жасауда да бiрқатар 
жетiстiктер орын алды. Жалпы бұл – дәуiр адамдардың биологиялық тұрғыдан 
ғана емес, сонымен қатар шаруашылық пен қоғамдық тұрғыдан жетiлген 
кезеңi. Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен 1868 жылы табылған бес адамның 
қаңқасы осы кезеңге жатады. Кейіннен кроманьон адамдары өкілдерінің 
қалдықтары Еуропаның басқа да жерлерінен табылған.
Жоғарғы тас дәуірі адамдардың жер бетін кеңінен игерген кез, сонымен қатар 
үлкен нәсілдер мен олардың топтарының қалыптасқан уақыты. Саналы 
адамдардың пайда болуы мен материалдық және рухани мәдениет дамуы
арасында тығыз байланыс болған. Осының бәрі алғашқы қоғамдақ қатынас 
саналатын рулық қауымның қалыптаса бастауымен тікелей байланысты өрбіді. 
Адамдардың танымдық түсініктерінде үлкен өрлеулер орын алды. Аңшылық 
дуаға табыну ғұрпы таралды. Адамзат бұрынғысынша мұздық дәуiрi 
жағдайында өмiр сүрiп жатты. Мамонт, мүйізтұмсық сияқты суыққа төзiмдi iрi 
аңдардың әлi де кең таралған кезi тұғын. Еуразияның шексiз және суық келетiн 
далалы аймақтарын мамонттар, солтүстiк бұғылары, мүйiзтұмсықтар мен 
жабайы жылқылар еркiн жайлады. Соңынан климаттың бiртiндеп жылуына 
қарай мұздықтар ерiп, өсiмдiктердiң түрлерiнiң өзгеруiне байланысты мамонт 
секiлдi суыққа әбден бейiмделген iрi аңдар бiртiндеп жойылды. Iрi аңдардың 
жойылуымен төменгi тас дәуiрiнiң аяқталып жоғарғы тас дәуiрiнiң басталуы 
тұспа-тұс келедi. 
 
Жоғарғы тас дәуірін өзiне дейiнгi дәуiрден тас еңбек құралдарын жасаудың 
жаңа, едәуiр жетiлген әдiстерiнiң меңгерiлуiмен ерекшеленеді. Жаңа еңбек 
құралдары алғашқысынан өзiнiң формасы ғана емес, атқарған қызметi жағынан 
да ажыратылады. Тас құралдар ұзынша келген пышақ тәрiздес жалпақ тастардан 
бөлiнiп алынды. Олардың көлемдерi аса үлкен емес, ұзындығы 5 – 10 см, 
жалпақтығы 2 – 3 см. Бұндай құралдарды призма тәрiздес нуклеустерден 
(шикізат) жаңқалау арқылы алды. Осындай iс - әрекет ұсақ тас құралдарының 
көбеюiне әкелдi. Олардан қырғыш, кескiш, және өткiр тұмсық секiлдi еңбек 


құралдарын жасады. Ендi тас құралдардың түрлерi ғана өзгерiп қоймай, оны 
жасау тәсiлдерi де жетiлдi. Тас құралдарды өңдеудiң жаңа әдiсiн ғылымда 
“шетінен жаңғырту” («отжимной ретуш») деп атайды. 
Сүйектен құрал жасаудың игерiлуi адамзат тарихындағы үлкен жетiстiктердiң 
бiрi едi. Одан гарпун, біз, инелер, әшекей бұйымдарын жасаған. Қазiргi кезде 
Еуразия құрлығында 500-ге жуық жоғарғы тас дәуiрi тұрақтары белгiлi. Олар 
Днепр, Днестр, Дон, Едiл өзендерiнiң жағалаулары мен Қырымда, Орта Азия 
мен Қазақстан жерiнде, Алтай және Сiбiр даласында орналаскан. Жоғарғы тас 
дәуiрi адамдары тiршiлiгiнен құнды мәлiмет беретiн материалдар Дондағы 
Костенко тұрағынан, Қазақстандағы Семiзбұғы, Батпақ, Шульбинка, Ащысай 
тұрақтарынан табылған. Сібірдегі Мальта және Буреть тұрақтары төменгі тас 
дәуірінің соңы мен жоғарғы тас дәуірінің басына сәйкес келеді. Олардан 
Батыс еуропалық құралдарға ұқсас тас құралдар табылған. Мальтадан табылған 
адамның алғашқы лашықтары жердің бетіне салынған. Үлкен әулетке арналған 
алғашқы баспаналардың қалдықтары Гагарин, Костенко, Мезин тұрақтарынан 
табылып, зерттелген. Костенкодағы баспаналардың кейбірінің ұзындығы 35 
метрге дейін жетеді. Оларда көптеген ошақтар болған. Шамасы бүндай
баспаналарда үлкен ұжым бірге өмір сүрген. Осындай үлкен отбасылық үйлер 
этнографиялық мәліметтер бойынша да белгілі.
Владимир облысындағы Сүңгiр тұрағынан табылған жерлеу қабiрi көп 
нәрсенi анықтауға мүмкiндiк бердi. Тұрақтың болған уақыты осыдан 25 мың 
жыл бұрын. Тұрақтан ошақтың орындары табылған. Бірақ үйдің қабырғалары 
сақталмаған. Әсіресе, мамонтың мүйізінен ойып жасалған аттың денесі ерекше. 
Мүсін бес-бестен топтастырылған 20 нүктеден түзілген екі қатар жолақпен 
безендірілген. Бұл көрініс адамдар санаудың қарапайым жүйесін сол кездің 
өзінде білгендігін аңғартады. 
Тұрақтан алты кісінің жерлеу қабірі табылған. Ересек еркек жерленген 
қабірден мамонтың мүйізінен жасалған мыңдаған мошақ (3500) әшекейлер, 
түлкінің тесілген тісі, жалпақ сүйектер шыққан. Әсіресе, екі бала бірге 
жерленген қабір өзіне ерекше назар аударады. Мұнда 7 жасар қыз бен 12 жасар 
ұл баланың бастары бір-біріне тақалып, денелері қарама-қарсы бағытта 
жатқызылған. Олардың қабiрiнен киiмге тiгiлген мамонттың сүйегiнен 
жасалған мыңдаған моншақтар табылды. Балалардың бас киiмдерi түлкiнiң 
тiсiнен жасалған моншақтармен безендiрiлген. Саусақтарына сүйек сақина 
кигізілген. Сонымен қатар сүйек түйреуiш пен мамонттың сүйегiнен жасалған 
бiлезiк және сақина шықты. Жерлеу заттарының iшiнде мамонттың сүйегiнен 
жасалған найза және дротик, қанжар да бар. Сүйектен жасалған бұндай 
құралдар жоғарғы тас аңшыларының қару-жарақтары жайлы қосымша 
мәлiметтер бередi. 
Сүйектен жасалған қарулар ерекше. Олар ұзын және қысқа қанжарлар мен 
найзаларды құрайтын 16 бұйымнан тұрады. Найза мамонтың аса шеберлікпен 
кесіліп, түзетілген мүйізінен жасалған. Олардың бірінің ұзындығы 2 метр, 42 см 


келеді. Бұл қарулардың ойыншық емес нағыз құрал екендігін ескерсек, балалар 
аңшылық жасауға қатысқан деп қорытынды жасауға болады.
Жоғарғы тас адамдары өзінің тегі мен мәдениеті жағынан біртекті болмады. 
Мүстьеден жоғарғы тасқа өту әртүрлі аудандарда өзгеше жүрді. Орыс жазығын 
мекендеген адамдар үлкен бір ортақ қауымдастыққа, Орта Азия мен Сібірдің 
тұрғындары басқа мәдени қауымдастыққа бірікті. Осы кеңб-айтақ облыстардың 
әрқайсысы палеолиттің соңында өңірлік жеке мәдени ерекшеліктермен 
айқындала бастады. Олар бір-бірінен тас өңдеу әдісімен ғана емес 
құралдарының құрамымен де ажыратылды. Олардың қалыптасуына 
палеогеографиялық орта, фауна, құрал жасайтын материалдар мен тас өңдеу 
тәсілінің тұрақтылығы үлкен рөл атқарды. Осының бәрі археологиялық 
мәдениеті ерекшелейтін территориялық өзгешілік кешенін құрайды. Дегенмен, 
«кейінгі палеолиттік мәдениет» ұғымы өзінің мәні жағынан біртектес емес. 
Мысалы, Батыс Еуропа үшін Г.Мортилье ұсынған эволюциялық сызба 
палеолитті бірнеше кезектесіп келетін мәдениеттерге бөледі. Олар: перегорд (37 
– 29 мың жыл бұрын), ориньяк (30 – 24 мың жыл бұрын), солютре (24 – 19 мың 
жыл бұрын), мадлен (20 – 7 мың жыл бұрын). Бұл сызба эвалюциялық дамудың 
жалпы мерзімдік түзілуін жаңғыртады. Бірақ Орыс жазығы, Кавказ, Орта Азия 
мен Сібірдің материалдары ол сызбаны бұл өңірлер үшін қолдануға 
болмайтындығын көрсетеді. Бұл өңірлер үшін археологиялық мәдениеттер 
территория-типологиялық кешенді белгілері жағынан бөлінеді.
Ресейдің еуропалық бөлігінде жоғарыпалеолиттік бірнеше мәдениеттер 
бөлінді. Олар: срелец, костенко, городцов және молдова мәдениеттері. Срелец 
мәдениеті Стрелецк ІІ, Аносовка тұрақтары, Костенко Гагарино, Авдеев және 
Костенко ХІІІ,ХІV, ХVІІІ тұрақтары арқылы белгілі. Бұл мәдениет пластинка 
тәріздес құралдарымен ерекшеленеді. Пышақтар мен кескіштер, үлкен және 
қашау тәріздес құралдар, геометриялық өрнекпен безендірілген сүйектен 
жасалған заттар жиі табылады. Гороцов мәдениеті Костенки ХІІ, ХV және 
Городцовск тұрақтары материалдары негізінде зерттелген. Мәдениет тас 
құралдарды жасау тәсілінің мүстьерлік сарқыншақтарын сақтаған. Жалпақ 
жүзді қырғыштар мен өткіртұмсықтар, пышақ кейіптес пластиналар осы 
мәдениетке тиесілі. 
Днестр маңында Молдово І,V, Бабин ескерткіштері арқылы белгілі Молдово 
мәдениеті дамыды. Бұл мәдениетке тән ерекшелік – призма тәрізді нүклеустен 
жарып 
алынған 
жіңішке 
пластиналардың, 
қырғыштар, 
ретушталған 
пластиналардың көп қолданылуы.
Соңғы кезде Қырыммен Кавказда жоғарғы палеолиттік жекелеген 
мәдениеттер бөлінген. Кавказда осыған дейінгі мүстьерлік дәстүрді мұралаған 
имеретин мәдениеті зерттелді. Мәдениет көп қабатты үңгір тұрақтары Таро-
Клде, Сакажна, Мгвимеви ескерткіштері арқылы белгілі. Мұнда көптеген 
құралдар тас жаңқалардан жасалған қырғыштар, үшкір тастар т.б. бар. 


Сібірдің көне тас тұрақтары өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланатын 
палеолиттік мәдениетті құрайды. Мұндағы жоғарғы тас дәуірі ескерткіштерінің 
ішінен бөле жарып айтуға болатындары Афонттық таудағы (Красноярск 
маңында) Кокоревск түрағы, Енисейдегі Мальта мен Буреть тұрақтары. Олар 
өзара мәдени тұтастығымен ерекшеленеді. Сібірдің аңшылары да Еуропалық 
тұрғындар секілді жартылай жертөле лашықтар салған. Буретте өзенді жағалай 
бір түзудің бойында тізбектеліп орналасқан осындай төрт палеолиттік 
лашықтың орны ашылған. Олар Костенкода қазылған баспаналарға өте ұқсас. 
Еңбек құралдарының басым көпшілік бөлігі Еуропадағыдай пышақ пішіндес 
жаңқа тастардан жасалған.
Жоғарғы тас дәуіріндегі Сібірде бірнеше археологиялық мәдениеттер назарға 
ілігеді. Солардың ішіндегі елеулісі мальта мәдениеті Ангара бассеніндегі Буреть 
және Мальта тұрақтары арқылы белгілі. Осы тұрақтардың материалдары ішінде 
жарудың класикалық тәсілімен жарылған пышақ тәріздес жаңқатастардан
жасалған құралдар кең таралған. Ангарадағы Қызылжар, Ачинскдегі тұрақ, 
Забайкалдағы Санный Мыс мекенжайлары да осындай сипатқа ие. Бұлар – 
призма тәріздес пластинкалар мәдениеттері. Мальтадан бірнеше әйел 
мүсіндерімен қатар құстардың денесі, сүйек пен мамонтың мүйізінен жасалған 
әшекейлер табылған. Енисейдің бойында Краснояр қаласының маңындағы 
Афонт тауымен аталған афонтовск археологиялық мәдениеті тіршілік кешті. 
Мұнда қырғыштар мен сүйектен жасалған құралдардың мүстьерлік нысандағы 
архайкалық нұсқалары мол кездеседі. Тағы бір Сібірлік мәдениет Кокоревск – 
Енисейдегі Кокорево І, Аешки, Новеселово VІ, VІІ тұрақтары арқылы белгілі.
Якутияда, Ленаның бойында жоғарғы тас дәуірінің дюктай мәдениеті 
ашылған. Ол б.з.д. 25 мың жылдан 11 мың жылдыққа дейінгі аралықпен 
мерзімделеді. Қиыр Шығыста Осиновка селосының маңындағы тұрақтың 
төменгі қабатының материалдары негізінде зерттелген осиновск мәдениеті 
белгілі. Жоғарғы тас дәуірі ескертіштері Еуроазия құрлығының басқа да 
аудандарынан ашылып, зерттелген. Солардың барлығы да өздерімен көршілес 
мәдени қауымдастықтармен өзара тығыз қатынаста дамып жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет