Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет26/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

кельтеминар
мәдениетi 
ескерткiштерi. 
Осы 
мәдениеттен 
қалған 
ескерткiштердiң ең iрiлерi Жамбасқала 4, Жебелi, Сексеуiлдi тұрақтары 
Сырдарияның төменгi ағысы мен Арал теңiзiнiң маңында орналасқан. 
Кельтиминарлықтар ағаш пен қамыстан салынып, төбесі конус тәріздендіріп 
жабылған үлкен әулеттік баспаналарда тұрған. Осындай баспаналардың өлшемі 
300-ден 580 шаршы метрге дейін жетеді. Бір баспанада тұрған әр отбасына
тиесілі жеке ошақтар кездеседі.
Әдетте, осындай ошақтардың айналасынан ыдыс сынықтары мен тұрмыстық 
қалдықтар жиі кездеседі. Баспананың қақ ортасында орналасқан үлкен ошақтың 
орны бөлек. Оның астындағы отқа күйген жер қабатының тереңдігі 0,5 м-ге 
дейін жетеді. Бұл от үздіксіз жанып тұрған ғұрыптық ошақтар деп есептеледі. 
Сондықтан осындай ошақты отқа табыну ғұрпының ертедегі белгісі деп айтуға 
болады. Мұнда микролиттік құралдар сирек кездеседі. Геометриялық 
формадағы ұсақ қыстырма тастар жоқ деуге саяды. Шаруашылықтың аңшылық 
пен балық аулау түрлері жақсы дамыған. Олар қабан, бұғы және суда жүзетін 
құстарды аулаған. Сонымен қатар жайын мен шортанның сүйектері де 
табылған. Кельтеминардың бастапқы кезеңінде түбі жұмыр, кесіп салған өрнегі 
бар ыдыстар басым болса, соңғы кезеңінде түбі тегіс, сыртында өрнегі жоқ 
ыдыстар көбейеді. Кельтеминар мәдениетін зерттеу олардың өзін қоршаған 
көрші мәдениеттермен тығыз байланыста болғанын байқатады.
Жаңа тас дәуірінің өнері бізге негізінен тасқа салынған суреттер түрінде 
жеткен. Бірсыпыра өңірде адамның, жануарлардың және қайықтың бейнелері 
нүктелеп соғу тәсілімен қашалған. Көбіне, аңдар мен жануарлардың бейнесін 
бояумен салу дәстүрі жиі кездеседі. Сонымен қатар сүйектен және ағаштан
жонылған мүсіндер де табылған.
Қазақстанның басқа аудандарында жаңа тас дәуірі ескерткiштерi өте аз 
зерттелген. Дегенмен, бүгiнге дейiн белгiлi болған 600-ден астам неолит және 
энеолит дәуiрлерiнiң ескерткiштерi Қазақстанның жаңа тас дәуiрi
тайпаларының 
Еуразия 
кеңiстiгiндегi 
неолиттiк 
мәдени 
топтардың 
қалыптасуына үлкен үлес қосқанын бiлдiредi. Өздерiнiң қандай жерге 
орналасқанына қарай неолиттiк тұрақтар: бұлақтық, көлдiк, өзендiк және 
үңгiрлiк болып үш түрге бөлiнедi. Өзендiк және көлдiк тұрақтарда еңбек 
құралдары едәуiр көп табылады. Бұндай белгiлер алғашқы адамдардың ондай 
тұрақтарда ұзақ уақыт немесе тұрақты мекендегенiн танытады. Қазақстанның 
далалық аймақтарында бұлақтық тұрақтар көп таралған. Олар – көбiне, кезбе 


аңшылардың уақытша тұрған жерлерi. Үңгiрдегi тұрақтар көбiне, таулы 
аймақтарда ұшырасады. Неолиттiк үңгiр тұрақтары Қазақстанда жақсы 
зерттелген. 
Олардың iшiндегi жан-жақты зерттелгендерi – Қараүңгiр, Устьнарым, 
Сексеуiл, Иманбұрлық, Кiшiкраснояр, Пеньки 1,2, т.б. тұрақтары.
Ақмола облысының Атбасар ауданында шоғырланған жаңа тас дәуірі 
кезеңінің біртоп ескерткіштері археологияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет