Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет24/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

буга-днестр
мәдениетi қалыптасты. 
Бұл мәдениеттiң 60-тан астам қоныстары белгiлi. Буга-днестр мәдениетінің 
тұрғындары жер бетiне салынған жеңiл үйлер мен жертөлелерде тұрды. Басты 
шаруашылығы аңшылық, малшылық кейiннен қалыптасып, егiншiлiктiң 
алғашқы белгiлерi байқалады. Бұғының мүйiзiнен жасалған кетпендер мен 
қоңырқызыл түстi түбi үшкiр ыдыстары ерекше. 
Днепр мен Донның аралығындағы ауқымды аймақта 
днепр-донецк 
мәдениеті дамыды. Бұл күнде осы мәдениеттiң 200-ге жуық қоныстары мен 
зираттары белгiлi. Тұрғындары жердiң бетiне салынған төртбұрышты ағаш 
үйлерде тұрған деп есептеледi. Мәдениет алқымы кең, түбi үшкiр, сырты тарақ 
секiлдi нәрсемен тырнап және өткір затпен шұқып салынған өрнекке толы 


ыдыстарымен ерекшеленедi. Шаруашылығы мәдениеттiң бүкiл даму барысында 
аңшылық пен балық аулау болған, тек соңғы кезiнде егiншiлiк пен малшылық 
қалыптаса бастаған. 
Азов теңізінің маңында қазылған Мариуполь зиратының басым бөлігі днепр-
донецкі мәдениетіне жатады. Ұзындығы 28 м, ені 2 м шұңқырға 120-дан астам 
мәйіт жерленген. Олардың көпшілігі ұзынынан жатқызылған, сонымен қатар 
қолы мен аяғын бауырына бүгіп жатқызған және өртеген мәйіттер де кездеседі. 
Еркектердің денесі басымен шығысқа, әйелдердікі батысқа қаратып қойылған. 
Кейбір мәйіттердің үстіне жоса себілген. Тұрмыстық бұйымдар мен құралдары 
тастан, сүйектен және аңдардың тісінен жасалған. Жерлеуден мол табылған 
шошқаның сүйектері мен бұқаның сүйектен жасалған екі мүсіні мал 
шаруашылығының қалыптаса бастағанын білдірсе керек.
Мәдениеттің жерлеу ескерткіштерімен қатар қоныстары да зерттелген. Олар 
әдетте, биік жерлерде немесе өзеннің жарқабағында орналасқан. Аумағы 6 – 10 
шаршы метр келетін жердің бетіне салынған үйлердің аздап ойысқан орындары 
сақталған. Үйлердің жанынан 
шаруашылық 
шұңқырлары 
табылған.
Қоныстардан тау бұқасының, қабанның, еліктің, бұғының сүйектері мен 
балықтың қабыршақтары, қаңқасы жиі кездеседі. Азық ретінде қолданған 
маллюскалардың қабыршақтары мол мөлшерде шығады. Сонымен қатар ірі 
малдардың да сүйектері бар. Ерте кезеңдегі ескерткіштерден шақпақ тастан 
жасалған микролиттік құралдармен қатар едәуір кейінгі уақытқа тән 
қырғыштар, пышақтар, кескіштер, тескіштер, балталар мен сүйектен жасалған 
біздер кездеседі. Днепр-донецк мәдениетінің ыдыстары бүйірі томпақ, тағаға 
ұқсас, түп жағы өте көп мөлшерде шөп қосылған балшықтан жасалған.
Қырымда ыдысты әлі білмеген неолиттік және дамыған неолиттік қоныстар 
ашылып, зерттелген. Осы өңірдің неолиттік кезеңі Таш-Аир І, Кая-Аралы, 
Замил-Коба ІІ және басқада қоныстардың қабаттары арқылы белгілі.
Неолиттiң кезiнде кiшiгiрiм мәдени қауымдастықтар Ресейдiң еуропалық 
бөлiгiн, Уралды, Батыс Сiбiрдi, Байкал өңiрiн, Қиыр Шығысты қамтыған 
орманды аудандарда қалыптасып, дамыды. Осы облыстардың әрқайсысының 
iшiнде жекелеген мәдениеттер бөлiнiп шығады. Мәдениеттердiң әрқайсысын 
зерттеу барысында олардың бiр-бiрiнен айырмашылығына, ыдыстарының 
формасына, оның өрнегiне және шаруашылығына ерекше көңiл бөлінеді. 
Еуразияның орманды және орманды далалы аймақтарының неолиттiк 
мәдениеттерi аңшылық, балықаулау және терiмшiлiк негiзiнде қалыптасып 
дамыды. Неолит кезеңiнде елiмiздiң көпшiлiк аудандарында өндiрiстiк өрлеу 
жүрiп жатты, еңбек құралдары жетiлдi, әртүрлi тайпалардың қоныс аударуына 
байланысты олардың бiрiн-бiрi тәуелдi ету секiлдi күрделi тарихи үдеріс 
қалыптасты. 
Орманды аймақтарда қоныстар жалпылама аңшылыққа қолайлы 
өзендердiң жағалауларына шоғырланған. Олардың негiзгi қатынас жолы өзен 
болғандықтан қайық негiзгi көлiкке айналды. Бұл аймақтардағы мәдениеттердiң 


дамуы аңшылық қарулар мен балық аулайтын құралдардың ұдайы жетiлуi 
негiзiнде жүрдi. Неолиттiң соңына таман кейбiр жерлерде малшылықтың 
нышаны байқалады.
Кейбір жерлерде неолиттік адамдар батпақты жерлерді де мекен еткен. 
Бұндай жағдайда үйлерді свайға (қазыққа) орнатуға тура келді. Волгоград 
облысында Модлон өзенінің бойындағы қоныстың үйлері сондай. Үйлердің 
қабырғалары сырғауылдан жасалып, арасы шыбықтармен өрілген. Едендеріне 
бөренелер төселіп, үсті балшықпен сыланған. Еденнің бөренелері жерге 
қағылған қазықтарға (свай) орнатылған. Осындай мекендерді археологияда 
свайлы қоныстар деп атайды. 
Бiртiндеп орманды аймақтардың неолиттiк мәдениеттерiнiң орналасу жүйесi 
өзгердi. Осы өзгерiстерге қарай ерте неолиттiк мәдениеттердi б.з.д. 5 – 4- 
мыңжылдықтарға, дамыған және кейiнгi неолиттiк мәдениеттердi б.з.д. 3 – 2- 
мыңжылдықтарға жатқызуға болады. 
Ерте неолитте Едiл мен Ока атырауында 
льялово
мәдениетi тайпалары өмiр 
сүрдi. Оларға сыртында ойықша және тарақтың дақтары секiлдi өрнегi бар 
жарты жұмыртқа тәрiздес ыдыстар тән.
Дамыған неолит кезiнде, б.з.д. 3-мыңжылдықта неолиттiк тайпалардың 
қозғалысы байқалады. Днепр-донецкi тайпалары солтүстiкке қарай, ал Едiл мен 
Оканың бойын мекендеген льялов тайпаларының мәдениетi барлық бағытта 
таралды. 
Осындай қозғалыстардың нәтижесiнде б.з.д. 3 – 2-мыңжылдықтарда Шығыс 
Еуропаның. Орманды аудандарында жаңа мәдениеттер қалыптасты:
Солтүстiкте – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет