қатарында астық сақтау үшiн пайдаланылған үлкен құмыралар көп. Кейбiр
ыдыстары толқынды көз алдыңа елестететiн өрнектермен безендiрiлген. Кейбір
ыдыстарға қызыл бояумен өрнек салынған. Қоныстан қолға үйретілген иттің
және сирек жағдайда қой мен ешкінің сүйектері кездеседі.
Жейтүн мәдениетi қонысын Орта Азия мен Таяу Шығыстың көне
мәдениеттерiмен салыстыру барысында оның Алдыңғы Азияның ерте егiншiлiк
мәдениетiнiң қатарына жатып, ерте егіншілік ойкуменнің солтүстік-шығыстағы
шеткі ауданы болып есептелді. Олар арнайы суғару жүйелерiн салмады.
Егiншiлiкте өзен суларының көктемгi табиғи толысын пайдаланды. Қоныстан
табылған құралдардың басым көпшілігін орта тас дәуірі дәстүрінде жасалған
микролиттік құралдар, әсіресе, шақпақ тастардан өткір тістерді құрап жасалған
орақтар, пышақтар, қырғыш және тескіштер құрайды. Құрастырмалы
құралдардың тісі ретінде сегмент, үшбұрыш, трапеция тәріздес геометриялық
нысандағы микролиттер пайдаланылған. Сондай-ақ тастан дәнүгіткіштер, тас
кетпендер, балталар, төстер мен келілер жасалды.
Ежелгі егіншілер тұрмыста астық пен азық сақтайтын үлкен хумдарды
пайдаланған. Олардың кейбіреулері қызыл және қоңырқай түске боялып,
үстінен
өсімдік
нақышындағы
өрнектерімен
безендірілген.
Жейтүн
материалдары ішінде балшықтан жасалған әйелдер мен аңдардың бейнелері
тастан, балшықтан жасалған ойын құмалақтары, Үнді жағалауларынан келген
каура ұлутастары жиі кездеседі.
Жейтүндіктердің мәйітті қолы мен аяғын бауырына жиып, бір жамбасымен
жатқызып, үстінен жоса (охра) сепкен жерлеулері белгілі. Дәнді дақылдардан
арпа мен бидай еккендігін, жануарлардан ешкі мен итті ұстағанын білдіретін
мол мәліметтер жиналған. Жейтүн мәдениеті өзімен көршілес жатқан
Месопотамиялық загрос, хасун секілді ерте егіншілік мәдениеттермен тығыз
байланыста дамығандығы анықталған.
Оңтүстік Түрікменияның б.з.д. VІ мыңжылдыққа жататын жейтүн мәдениетін
Алдыңғы Азияның ерте егіншілік мәдениетінің жергілікті нұсқасы деуге келеді.
Қазiргi кезде Қара теңiздi4 орманды және далалы жағалауларында неолиттiк
мәдениеттiң үлкен ауданы ашылған. Осы аудандағы Днестр мен Буганың
аралығында б.з.д. 5 – 4 мыңжылдықтарда
Достарыңызбен бөлісу: