Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет49/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Фатьянов
мәдениетi қалыптасты. 
Прибалтика мен Беларуссияның ескерткiштерi осы мәдениетке өте жақын. 
Фатьянов тайпалары қазiргi Ресейдiң Еуропалық бөлiгiнiң орталық ауданын 
мекендедi. Олардың жерлеу ескерткiштерi жақсы зерттелген. Қабiрлерi сопақ 
келген, кейбiреулерi қималармен қоршалған. Өлген кiсiнi шалқасынан немесе 
бiр жамбасына екi аяғын бауырына бүгiп жатқызған. Фатьяновтықтардың 
ыдыстары ерекше, түбi жұмыр шар тәрiздес. Олар әр алуан геометриялық 
элементтерден тұратын өрнектермен безендiрiлген. Мәйітпен бірге балта және 
ыдыс қойылады. Жерлеу орындырында үй жануарлары: шошқа, қой, сиыр, 
жылқы және иттің сүйектері жиі кездеседі. Қазбадан көп табылатын соғыс 
балталары тайпа аралық қырқыстардың орын алып тұрғанын көрсетеді.
Фатьянов мәдениеті өмір сүрген уақыты немесе жергілікті өзіндік 
ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Солардың едәуір ірілері Московско-
Клязьмалық, жоғарғы Еділ және орта Еділдік топтар. Алғашқысы Днепрдің 
жоғарғы ағысы, Мәскеу және Клязьма өзендерінің бойын жайлаған, екіншісі – 
солтүстікте Калинин, Ярослав және Кострама облыстарын, үшіншісі Төменгі 
Камадан Еділдің ортаңғы ағысына дейінгі ұлан ғайыр аймақты мекендеді. 


Осылайша фатьяновтықтар батыстан шығысқа қарай жылжып, Волосов 
тайпаларының мекенін жайлаған. Осы екеуінің арасында болған қақтығыстарды 
растайтын археологиялық материалдар да кездеседі. Волосов қонысында 
фатьяновтық жерлеу табылған. Мұнда волосовтық жебеден өлген фатьяновтық 
жауынгер жерленген. Бұдан волосовтықтар жеңілмесе өз жеріне фатьяновтық 
жауынгерді жерлетпес еді деген қорытынды жасалған. Фатьяновтықтардың 
жерлеу ғұрпы тұрақсыз. Жерлеу ғұрпында жергілікті тайпалармен араласқан 
нұсқалары кездеседі. Волосовтық қоныстарда фатьяновтық заттар жиі 
ұшырасады. Зерттеушiлердiң арасында Фатьянов мәдениетi ескерткiштерiн 
негiзгi шаруашылығы орманды бақташылық болған тайпалар қалдырған деген 
пiкiр бар.
Едiлдiң оң жағалауындағы Ярослав облысынан Татарстанның оңтүстiгiне 
дейiнгi алқапты б. з. д. 2-мыңжылдықта егiн егiп, мал өсiрген тайпалардың тобы 
мекендедi. Олардың ескерткiштерi ахеологияда алғаш зерттелген зираттың 
атымен 
абашев 
мәдениетi деп аталады. Мәдениеттің тегі жайлы ортақ пікір 
жоқ. Қазіргі зерттеушілер оларды ежелгішұңқыр мәдениетінен шығарса, ескі 
көзқарас бойынша абашевтықтар ортаднепр тайпаларынан таралады. Абашев 
мәдениеті орманды және орманды далалы аймақта орналасқан үш топқа 
бөлінеді. Алғашқысы - дондық (Воронеж ауданында), екіншісі – ортаеділдік 
(Еділдің екі жағасында Ярославтан Казанға дейін), үшіншісі – Уралдық 
(Оңтүстік Урал маңы). Осыған байланысты абашевтік тайпалардың ортақ 
территориясы болмады. Олардың әрқайсысы өздерінің құдіретті көршілерінің 
ықпалына жиі түсіп отырды. Донецкі тобының көршісі қима мәдениеті, 
Уралдықтардың көршісі андрондықтар болған. Бұл мәдениеттің өкілдері 
мыстың көздерін иелену мақсатымен оңтүстік-шығыстан келген деген пікір 
қалыптасқан.
Абашев мәдениеті жерлеу ескерткштері негізінде қарастырылған. 
Олардың қоныстары осы күнге дейін нашар зерттелген. Ортадондық топта олар 
әлі күнге белгісіз. Абашевтік обалардың астында бірнеше қабір орналасқан. 
Мәйітті аяқтарын бүгіп, шалқасынан жатқызған. Жерлеу заттарының ішінде 
түбі тегіс немесе домалақ келген пішіні төңкерілген қоңырау тәрізді ыдыстар 
көп кездеседі. Ыдыстардың сыртқы өрнектері геометриялық нақышта 
кездеседі. Обаларда металл өте сирек кездеседі. Дегенмен, абашевтіктер 
металды білгені анық. Ру аралық қақтығыста қаза болған 28 кісі жерленген 
обаның ішінде бір еркектің қабірі ерекшеленеді. Онымен бірге құйған қалып, 
металл еріткен табақша (тигель) және тас төс қойылған. Бұлар жергілікті металл 
өңдеу ісінің болғанын білдіреді.
Қазбадан көптеп табылатын үй жануарларының сүйектері бақташылықтың 
шаруашылықтың 
негізі 
болғандығын 
аңғартады. Егіншілік 
қосалқы 
шаруашылық болған. Мәдениет өкілдерінің әлеуметтік құрылымы патриархат. 
Галич көлінің жағасындағы қола ғасыры қонысының орнынан абашев 
мәдениетімен қатысты заттардың көмбесі табылған. Көмбенің құрамында 


қоладан жасалған еркектің мүсіндері болған. Солардың бірі - басын күн нұры 
қоршаған күн құдайы, екіншісі – басында үш жарты ай бар ай құдайы. Көмбенің 
құрамында кесірткінің мүсіні, балта, қанжар, пышақ және қола білезік шыққан. 
Бұл бұйымдар діни рәсімдерде пайдаланылған рулық мүліктер болуы мүмкін.
Абашев мәдениетіне солтүстіктегі көршілес жатқан аймақта б.з.д. ІІ мың 
жылдықтың екінші ширегінде қалыптасқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет