Дамыған қола ғасырына жататын бұл мәдениеттiң
археологиялық заттары
ерекше және андрондықтардiкiне өте ұқсас келеді. Ол, әсiресе, қыш ыдыстар
мен қола бұйымдардан айқын көрiнедi. Қарасұрық қабiрлерiнiң ыдыстары
бомбаға ұқсас: аса үлкен
емес мойны тiк, бүйiрлерi шар тәрiздес, түбi жұмыр.
Олардың сыртында кесiп және басып салынған үшбұрыш және ромба тәрiздес
өрнектері болады.
Жерлеу ескерткіштері тікбұрышты немесе
дөңгелек тас қоршаулардан
тұрады. Жерлеу шұңқырлары жалпақ тастармен қапталған,
мәйіт қол-аяғын
бауырына бүгіп, бір жамбасына жатқызылған. Оның бас жағына балшық ыдыс
қойылған.
Хакасск – Минусинск қазаншұңқырының қарасұрық мәдениетi өкiлдерi
кезiнде көршi орманды және далалық тайпалардың мәдениетiне үлкен
ықпал
жасаған. Қарасұрыққа ғана тән қола заттар алыс аймақтарға: Забайкалье, Тува,
Алтай және Қазақстаннан Германияға дейін таралған. Тiптi, Кавказ бен Болгар,
Румын жерлерiнде қарасұрыққа тән, бетінде жануарлар бейнеленген бұғытастар
кездеседі. Қарасұрық тайпаларының негiзгi кәсiбi – мал шаруашылығы.
Қабiрлерiне қойылған мал сүйектерiнiң көптiгi осыны бiлдiредi. Көбiне қой
өсiрген. Олардың қоныстарының мәдени
қабаты желмен ұшып кеткен,
сондықтан да өте аз зертелген. Мәдени қабаттың жұқа ыдыстарының түбi,
жұмырлығы отырықшылықтың тұрақсыздығын көрсетедi.
Хакастандағы жерлеулердің біріндегі жалпақ таста бейнеленген арбаның
үстіндегі үй, қарасұрық үйлерінің жаз кезінде арбаның үстінде
болғанын
білдіруі мүмкін.
МЕРЗIМДЕЛУ
Афанасьев мәдениетi – б.з.д. 3 – мыңжылдықтар арасы.
Андрон мәдениетi – б.з.д. ХҮII – ҮIII ғасырлар арасы.
Қарасұрық мәдениетi б.з.д. ХII – ҮIII ғасырлар арасы.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. ХІ – ІХ ғасырлар арасы.
Глазков мәдениетi – б.з.д. ХҮIII – ХIII ғасырлар арасы.
Кент мекенжайы – б.з.д. ХІІ – Х ғасырлар арасы.
Достарыңызбен бөлісу: