Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Арқайым
мекенжайы. Ол Үлкен Қарағанды мен 
Өтеген өзендерінің құйылған жерінде орналасқан. Қырық жылдан бері қарай 
зерттеліп келе жатқан мекенжай өзінің топографиялық құрылымы жағынан онда 
алғашқы қала (протогород) үлгісі қалыптаса бастағанын білдіреді. Қалашықтың 
жобасы дөңгелек келген, 3-5 м келетін сыртқы қорғаныс құрылысы тереңдігі 
мен ені 1,5 м. ормен қоршалған. Жалпы көлемі 20 га, оның 8 га бөлігінде қазба 
жүргізілген. Ішкі жағында орналасқан жетпіс шақты үйдің 30-ы қазылған. 
Қазбадан қоладан жасалған еңбек құралдары, қару жарақтар, әшекей 
бұйымдары және сапасы мен көлемі жағынан, өрнегі мен нақышына қарай 
алуан түрлі ыдыстар табылған. Археологиялық материалдар кешені 
арқайымдықтардың мал және егін шаруашылығымен қатар айналысқанын 
білдіреді. Арқайымдықтар пайдаланған құрылыс материалдары мен ыдыстары 
Қима, Абашев, Петров және Алакөл мәдениеттері материалдарымен өте ұқсас.
Арқайым тұрғындарының этникалық тегінде әртүрлі тайпалардың үлесі 
барлығын осыдан байқаймыз. Арқайым ғылым үшін өзінің алғашқы протогород 
болғандығымен, көлемі мен құрылымы жағынан аса маңызды материалдар 
беруде. Қазақстан жерi андрон тарихи-мәдени қауымдастығының негiзгi 
орталықтарының бiрi болды. Археологиялық материалдардың көрсетуiне 
қарағанда, Қазақстан жерiн мекендеген андрондықтар негiзiнен отырықшы 
егiншiлiк кәсiппен айналысқан. Олардың мекенжайлары өзен жағалауларынд, 
биiк алаптарда орналасқан. Тұрғын үй ретiнде қора-қопсы, қоймалары 
жалғастырыла салынған үлкен патриархалды жартылай жертөлелер мен 
жертөлелер пайдаланылды.
Андрондық 
тұрғындардың басқа мәдени-тарихи қауымдастықтардан 
этнографиялық басты айрмашылығы олардың жерлеу ғұрпы, геометриялық 
өрнегi бар ыдыстары мен металлдан жасалған бұйымдарының тек өздерiне ғана 
тән ерекшелiктерiнен байқалады.
Қазақстандық андрондықтар тiк бұрышты, дөңгелек, сопақ келген әртүрлi тас 
қоршаулар үйлесiнен тұратын жерлеу құрылыстарын салған. Өлген 
тайпаластарын тас жәшiктерге немесе тiк бұрышты етiп қазылған жер 
қабiрлерге аяқ-қолын бауырына бүгiп, бiр жамбасымен жатқызған. Оларда 
мәйiттi өртеу ғұрпы да кездеседi. Андрондықтардың қоладан жасалған 
бұйымдары мен қыш ыдыстарының жақсы сапасы олардың мәдени деңгейiнiң 
жоғары болғандығын көрсетедi.


Таралу аймағы мен өзiндiк ерекше белгiлерiне қарай Қазақстан жерiндегi 
андрон мәдениетi үш кезеңге бөлiнедi: ерте кезең – б.з.д. 17 – 16-ғасырлардағы 
петров мәдениетi; орта кезең – б.з.д. 15 – 12-ғасырлардағы алакөл, атасу, 
Федоров, Нұра мәдениеттерi; соңғы кезең – б.з.д. 11 – 9-ғасырлардағы алексеев, 
замараев, сарығары, беғазы-дәндiбай мәдениеттерi. Қола дәуірінің соңғы кезінде 
Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар Оңтүстік Урал (замараев 
мәдениеті), Алтай мен Енисейдің (қарасұрық мәдениеті) туысқан тайпаларымен 
өзара тығыз байланыста дамыған. Бір-бірінен шалғайда жатқан осы 
аудандардың материалдық мәдениетін сипаттайтын керамикалық заттары, қола 
қарулары, түрмыстық заттары мен әшекей бұйымдарының өзара жақын болуы 
ежелгі тайпалардың мәдени және экономикалық байланысының тығыз 
болғанын білдіреді.
Қазақстанның кейінгі қола ғасыры ескерткіштерінің ішінде елеулі орын 
алатыны – Кент – мекенжайы. Қола ғасырының соңғы кезеңіне жататын Кент 
мекенжайы б.з.д. 12 – 10-ғасырлары аралығымен мерзімделеді. Орталық 
Қазақстандағы бұл қоныстың аумағы 150 000 шаршы метр. Кент пен Алат, Алат 
І, Алат ІІ мекенжайларын Қызылкеніш өзені мен жіңішке арна бөліп жатыр. 
Олардың бір мезгілде өмір сүргенін ескеріп, жалпы аумағын қосып есептегенде 
300 000 шаршы метрді құрайды. Қоныстың тұрғындары егіншілік пен 
бақташылыққа негізделген кешенді сипатта болған. Мекенжайды қазу кезінде 
алынған заттай деректер Кент тұрғындарының Сарарқаның барлық тайпалары 
секілді төрт түлік мал түрлерін (ірі – қара, ұсақ мал) қатар өсіріп, ақбөкен, 
құлан, марал, қасқыр, қабан, бұғы, қарсақ, арқарлар мен ірі құстарды 
аулағандығын көрсетеді. Табындағы жылқы мен қой үлесінің басымдығы 
жылжымалы бақташылықтың үлесінің артқанын аңғартады. Бірнеше кішігірім 
мекенжайлардан құралған шағын ауданның орталығы болған Кент өзінің 
өлшемі, үй-жайларының саны мен бірқатар белгілері бойынша онда алғашқы 
қаланың қалыптаса бастағандығын білдіреді. Кент тұрғындарының шалғайдағы 
тайпалармен өзара қатынаста болғанын растайтын дәйектер табылды. Кентік 
мекенжайлар мен олардың жерлеулерінен алынған керамикалық ыдыстар 
ішінде Намазга VІ-ға жататын шарықта жасалған, қарасұрықтық және 
түгіскендік үлгілер де кездеседі. 
Б.з.д. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың басында андрон 
тайпаларының экономикалық тұрмысы мен мәдениетiнде айтарлықтай 
өзгерiстер болды. Бұл өзгерiс қоғамның әуелi жайлауда, кейiннен көшiп жүрiп 
мал өсiруге бейiмделген жаңа шаруашылыққа ауысуымен байланысты. 
Археологиялық материалдардың көрсетуiне қарағанда, қола дәуiрiнiң соңғы 
кезеңiнде (б.з.д. 12 – 8-ғғ.) шаруашылық пен мәдениеттегi андрондық 
дәстүрлердiң орнына темiр ғасырына тән қоғамның жаңа экономикалық үлгiсi 
мен материалдық мәдениеттiң прогрессивтi нысандары қалыптасты. 
Хакасск – Минусинск қазаншұңқыры мен оған жақын аймақтарда б.з.д. 2-
мыңжылдықтың соңында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет